АҒЫЛШЫН АЛФАВИТІ
А a [еі] В b [bі:] Сс [si:] Dd [di:] Ее [і:] Ғ f [ef] Gg [dʒi:] Нһ [eitʃ ʃʃ ʃ] Іі [ai] Jj [dʒei] Кк [kei] L 1 [el] М м [em] |
Nn [en] 0о [ou] Pp [pi:] Qq [kju:] Rr [a:] Ss [es] Tt [ti:] Uu [ju:] Vv [vi:] Ww [`dʌ ʌʌ ʌbl `ju:] Xx [eks] Yy [wai] Zz [zed] |
THE ARTICLE АРТИКЛЬ Ағылшын тілінде артикль – шылау сөздердің қатарына жатады. Ол дербес лексикалық мағына бермейді, тек қана зат есімнің белгісі ретінде ғана қолданылады. Қазақ тілінде артикль жоқ. Ағылшын тілінде екі артикль бар: a) the Indefinite article (Белгісіздік артиклі) - а/аn; ə) the Definite article (Белгілілік артиклі) - the. 1. Белгісіздік артиклі тек саналатын зат есімдердің алдында кездеседі. Белгісіздік артиклі: «а» жəне «аn». Егер сөз дауыссыз дыбыстан басталса «а» қолданылады: a book, a table, а реn. Егер сөз дауысты дыбыстан басталса «аn» қолданылады: an apple, an egg, an ice-cream, an old man. Белгісіздік артиклі: «а» жəне «аn» one (бір) сан есімінен туған, сондықтан ол зат есімнің тек жекеше түрімен қолданылады. Мысалы: I am a teacher (жекеше). – Мен оқытушымын. Ал көпше түрде белгісіздік артиклі қолданылмайды. We are teachers (көпше). - Біз оқытушымыз. Белгісіздік артикль деректі заттық ұғымды білдіреді. Мысалы: This is a book. – Бұл кітап (газет немесе журнал емес). Give me а реn. – Қалам берші (қарындаш немесе
дəптер емес). 2. Белгілілік артиклі: «the». Егер сөз дауыссыз дыбыстан басталса «the» [zэ] болып оқылады: the book [zэ’buk], the table [zэ’teibl]; дауысты дыбыстан басталса «the» [zi] болып оқылады: the old man [zi 'ould man], the office [zi ofis] жəне белгісіздік артикль сияқты екпінсіз болып, келесі сөзбен жалғасып оқылады. Мысалы: Open the book ['oupn zə buk], Белгілілік артиклі: «the» сілтеу есімдігінен пайда болған (this- мынау, that-анау). Ол зат есім арқылы айтылған заттың, атаудын басқалардан гөрі айтушыға да, тындаушыға да белгілі екенін көрсетеді. Мысалы: I have a new book. – Менде жаңа кітап бар. The book is on the desk. – Кітап партаның үстінде (сол, айтылған кітап). 3. Зат есімдердің алдында артикльдердің орнына тəуелдеу есімдіктері де қолданылады. 4. Сын есім арқылы берілген анықтауыш əдетте өзі анықтайтын зат есімнің алдынан келеді де, ал зат есімге қатысты артикль анықтауыштың алдынан қойылады: I have a nice flat. – Менде жақсы пəтер бар. 5. Егер анықтауыш есімдік немесе сан есім арқылы берілсе, онда ол да зат есімнің алдында қолданылады. Мұндай жағдайда зат есімнің алдында артикль қойылмайды: Take this map. – Мына картаны ал. I see five apples - Мен бес алма көріп тұрмын.
Зат есім - THE NOUN
Зат eсімдер заттар мен құбылыстарды білдіреді және Who is that? - немесе What is thіs? деген сұрақтарға жауап береді – boу, dog, peace, news.
Жалқы eсімдер (proper)
Жалпы есімдер (Cоmmon)
Peter
cat
Moscow
snow
The "Тimes"
chair
January
beauty
Деректі eсімдер (concrete) Дерексіз есімдер (abstract)
Table
Іdea
Butter
winter
Жанды eсімдер (animate) Жансыз есімдер (un animate)
Mike
Lake
Gіrl
Ship
Man
Meeting
Санауга келетін зат есімдер (count)
Санауға келмейтін зат есімдер (nоn-сount)
Boy
salt
flover
water
house
іnformation
Зат есімдердің жасалуы - NOUN FORMATION.
Зат есімдер дара, күрделі құрамдас болып келeді. Зат есім төрт әдіспен жасалады:
Етістіктен "to''-ны алып тастау арқылы зат есімнің жасалуы конверсия (Conversion) деп аталады,
мысалы- for example:
-to work- a work
-to look- a look
-жылжуы (Stress removing) дегеніміз әр түрлі сөз таптарынан біріктіру арқылы жаңа зат есімді жасау:
реn- friend, ladybird, forget- me- nots, newspaper.
Суффикстер немесе префикстср арқылы жаңа зат есім жасау аффиксация (Affixation) деп аталады.
Суффикстер:
-er; -or, -ist,-ian - кәсіпті білдіреді: dокtоr, worker, tоurist, historian;
-ism,age- зат есімде белгілі бip қасиетті, сипаттаманы білдіреді: magnetism, patronage, pacifism;
-Ship,- hood күйді білдіреді: frеndship, partnership, childhood; ment, ation, ution,-ion- зат есімдерге түрлі белгілердің бар екендігін білдіреді: measurement, delegation, information;
ness-сын eciмнен жасалған дерексіз зат есімді білдіреді; darkness, happiness, cieanliness;
ure-санауға келмейтін зат есімді білдіреді: nature, culture; еnсе-аnсе-дерексiз зат ееiмдерді білдіреді:
Префикстер:
-un-, dis- unhappiness, unemployment, discovery, dishonesty... нeriзri тү6ipre қарама-қайшы магынаны білдіреді.
Зат есімдердің көпше және жекеше түрі -
NOUN NUMBER.
Ағылшын тілінде зат есімдердің жекеше және көпше түрі бар. Зат есімдердің көпше түрінің жасалуының 9 тәсілі бар:
Зат eciмre - s нeмece - es жалғануы арқылы жасалады. Бұл жағдайда жалғаудың ауысуын байқауға болады: -y-i болып ауысады:
мысалы: factory- factories,түбipдегі -f-v-ға айналады: мысалы knife-knives, leaf-leaves. s-қа аяқталатын қосарланған зат есімдердің жекеше түpi болмайды, jeans tongs, glasses.
s- қа аяқталатын зат есімдердің жекеше және көпше түpi бoлaды: goods, earnings, greens.
Бір қатар зат есімдердің көпше түpi түбірдегі әріптің немесе дыбыстың ауысуы арқылы жасалады мысалы: goose- gesese, foot – feet, child - children, man-men.
Бір қатар зат есімдердің жекеше түpi мен көпше түрі бірдей болады мысалы: sheep, swine, deer.
Бip топ адамдар мен жануарларды білдіретін зат есімдердің көптік мағынасы болады және жекеше түрде қолданған кезде формасын өзгертпейді мысалы: polise, youth, cattle.
Құрамдас зат есімдердің жалғаулықтары зат есімдердің әр түрлі бөліктеріне қocылaды: мысалы: girl-friends, lookers-on, forget-me-nots.
Латын тілінен алынған зат есімдердің көпше түpiнің спецификалық түрлері болады: мысалы datum – data,
formula – formulate.
Санауға келмейтін зат есімдердің көпше түpi бoлмaйды: мысалы: sand, water, food, air;
-s- қа аяқталса мысалы: politics, economics, physics.
Зат есімдердің септелуі – CASES.
Ағлшын тілнде зат есімнің екі септігі бар мысалы:
Common саsе.- жалпы септік , мысалы: а face, a led.
Possessive саsе- тәуелдік септік. Жекеше түрде s- жалғануы арқылы жасалады мысалы: bоуs nose, көпше түрде: boys noses.
Тәуелдік септік предлогтар арқылы жасалады мысалы:
Of the nose, of the boy, the noses, of the boys
In the page in this book the girls in this class
From the students from this group.
Тәуелдік септік бip нәрсеге тәуелділікті білдіреді және ол: жансыз зат eciмдермeн: children’s game, Nick’s book;
-Eл, қала аттарымен мысалы: Наvаrd is one of America’s fаmous universities sun, moon, earth, world, life, nature, okean, town, country, ship, сөздерімен;
-Ұғымдарға жан бітіpгендe мысалы: duty’s call;
-уақыт (жыл, ай, күн) көрсеткіштерімен мысалы: ten’s minutes -Break, two years trip, five months’ course;
-Қызмет (ic-әрекет) көрсеткіштерімен : doctor’s job,
teacher’s table
-Ара-қашықтық, көрсеткіштерімен мысалы:
а mile’s way.
-Құн көрсеткіштерімен: a pound’s worth,
five dollar’s hat;
-Үстеулермен қолдaнылғанда мысалы: today’s newspaper, tomorrov’s clases, yestarday’s visit.
Зат есімдердің родқа бөлінуі – GENDER
Ағылшын тілінде родтың грамматикалык категориясы жоқ . Мужской, женский, средний родтap контекстке байланысты болінеді.
-Жанды заттарды білдіретін зат есімдерде төмендегі мысалдарда есімдіктің көмегі арқылы көрсетіледі:
I see a doctor.
She is clever.
He is angry.
-Жануарларды белгілеу үшін - it есімдігі қолданылады. Бірақ, жануарлардың биологиялық ерекшеліктерін баса көрсету үшін she және he есімдіктері қолданылады.
І am looking at my dog. She is ill.
I found a cat. It is hungry.
Жансыз зат есімдер -it есімдігімен ауыстырылады.
I see a sofa /desk/ mirror. It is comfortable.
Keйбір зат есімдерде женский және мужской родтың формалары бар:
aктер –actor, actress актериса, хозяин-host,
hostess хозяйка, дос- boy- friend; girl- friend - дос қыз
тигр –жолбарыс, tigеrеss жолбарыстар, герой - hero,
heroine героиня, сатушы еркек –salesman,
saleswoman- сатушы әйел, официант –waiter,
waitress – официантка, лев – арыстан,
lioness- арыстандар, теке - he- goat,
she goat – ұрғашы ешкі
Артикль-THE ARTICLE
Белгілі артикль -THE
Белгiлі артикль the дауысты дыбыстардың алдында – [di] дауыссыз дыбыстардың алдында – [da] болып оқылады.
Сілтеу есімдігінен (this- бұл, осы ) шыққан.
Белгілі артикль мынадай жағдайларда колданылады:
-Белгілі бip зат aталса: Give me the book;
-Фамилия семья ретінде аталса: Тһе Blacks, The Smiths;
-Таныс заттардың көпше түрінде: Send me the books;
-Teкстeгi зат eciм бip рет аталғаннан кейін қайталанса:
I see а room. The room is large;
-Санауға келмейтін зат есімде белгілі бip мөлшерге байланысты аталса: Give me the glass of milk;
-Реттік сан есімде: The first lesson, the second room;
-Газет- журналдардың, кемелер мен қонақ үйлердің атауларында: read Nature;
-Сын eciмнiң күшейтпелі шырайында: It is the best film;
-Мемлекеттер атауларында әкімшілік термин аталса:
the USA, the USSR, the United Kingdom;
-Этнос атауында: the Indians;
-Мұхиттар мен теңіздер, өзендер мен көлдер, таулар мен шөл далалар атауында: the Volga, the Black See, the
Atlantic Ocean;
-Құжаттардың атауларында: The Constitution;
-Зат есім болып қолданылған сын есімдерде: the old;
-Әлемнің торт кұбылысының атауларында:
theNorth, the South, the East, the west, the Far East;
Белгісіз артикль - one
Бұл артикль one (бip, бipey) сан есімінен шыққан.
Қолданылуы:
-Зат eciмнің жекеше түрінде мысалы:
Take a pen, not two pens,
-Көп заттың ішіндегі бipeyi аталғанда мысалы:
I am a student.
-Белгісіз бip зат аталғанда:
Give me a book, or a notebook.
-Зат eciм мәтінде алғаш рет аталғанда:
I see a dog. Тhe dog is hungry;
-Cанауға келмейтін зат есімнің белгісіз мөлшердегі порциясы аталғанда: A cup of tea
( кез келген кесе, шыны).
-Сонымен қатар төмендегі сөздермен тіркесте қолданылады: a few, а little, a lot of...
I have a lot of books;
-Дерексіз зат есім, сипаттамалық анықтауыш:
a quiet life; және too. now
-Сын есімдерден кейін: Too important question.
Артикльдің қолданылмайтын кезі
Артикль жалқы есімдердің алдында қолданылмайды мысалы: My name is Hob, Mr, Mrs, Miss. Sir. Madam, uncle, mini. mum деген сөздердің алдында артикль қолданылмайды;
-Тәуелдеу eciмдігі (my pen) және ciлтеу есімдігі (this book) бар зат есімдердің алдында артикль қолданылмайды мысалы: елдер, -материктер, қала атаулары алдында артикль қолданылмайды мысалы:
I live in Europe, Russia, Moscow
-Санауға келмейтін зат есімдердің алдында артикль қолданылмайды мысалы: I like flesh air;
-Зат есімдерден кейінгі eсептік сан есімдердің алдында артикль қолданылмайды мысалы:
Open text ten, open page five;
бірдей белгілері бар бip топ заттардың алдында артикль қолданылмайды мысалы: Send me books;
-Ғылым мен оқу пәндерінің атаулары алдында артикль қолданылмайды мысалы: I like History.
Есімдік – Pronouns
Ағылшын тілінде eciмдіктің 3 тобы бар. Олардың айырмашылығы функциясында.
Тұлғалық есімдіктерге (Personal Pronouns) жіктеу, тәуелдік, өздік eciмдіктері жатады.
Конструкциялық есімдіктерге (Constructive Pronouns) сілтеу, сұрау, қатыстық eciмдіктер жатады.
Әр түрлі есімдіктерге (Different pronouns) ортақ, белгісіз, болымсыз туынды есімдіктер кіреді.
Тұлғалық есімдіктер –PERSONAL PRONOUNS
Жіктеу есімдіктері - Personal Pronouns.
Жіктеу есімдіктерінің eкі септігі бар: атау ceптігі (the nominative case) және толықтауыш (объект) ceптігі (the objective case ).
Атау ceптігі оның ішінде толықтауыш ceптігі
I (мен) We (бiз)
Me (маған) Us(бiзгe)
You (сен) Уou (ciз)
Your (саған) Your (ciзгe)
He, she, it (ол) Тhey (олар)
Him, her, it (оған) Тhem (оларға)
You - есмдігінен кейін етістік- баяндауыш үнемі көпше түрде ғана тұрады. You are at home.
Атау септігіндегі жіктеу eciмдіктері бастауыш болып келеді, ал толықтауыш септігіндегілер- толықтауыш болып келеді мысалы:
I told her about the age. He looked at us and went out.
Тәулсіздік есімдіктері - Possessive pronouns.
Тәуелсіздік есімдіктерінің eкi формасы бар: негізгі және абсолюттік.
Негізгі формасы Абсолюттік формасы
My |
mine |
Your |
yours |
his |
his |
her |
hers |
its |
its |
our |
ours |
your |
your |
their |
theirs |
Мысалы: Is it your car? Yes, it is mine.
Өздік есімдіктер- Reflexive pronouns (өздік есімдіктер мағынасында)
Тәуелдік eciмдігі (жекеше түрде) sell және (көпше түрде)- selves жалғаулары жалғануы арқылы жасалады
Myself ourselves
Yourself yourselves
Himself /herself/ itself themselves.