Мемлекеттік және жергілікті басқару органдарындағы мемлекеттік қызметшілерге, ересектерге арналған қазақ тілін оқытудың жұмыс бағдарламасы
В2 ортадан жоғары
100 сағат
Әдістемелік отырыстың хаттамасы
№ ____ «____» ________ 2019 ж.
Әдіскер________Ж.М.Муханбетжанова
Арқалық, 2019 жыл
КІРІСПЕ
Қазақ тілін меңгерудің әр түрлі деңгейлерін сипаттау мен дифференциациялау, сондай-ақ осы деңгейлерді оқытатын сәйкес лингвометодикалық моделін құру – қазақ тілін өзгетілділерге оқытудың қазіргі теориясы мен практикасындағы өзекті мәселелердің бірі. Бір тілді меңгеру дегеніміз – ғылыми әдебиетте осы тілде әр түрлі коммуникативтік әрекетінің қатысым салаларында (тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери, ғылыми-кәсіби салада) тілдік құзыреттілігі мен сөйлеу қабілетінің қалыптасу дәрежесі. Қазіргі лингводидактикада тілді меңгерудің бірнеше деңгейлерін бөліп көрсетеді. Қазақстандық топтастыруда бес деңгей қабылданған: қарапайым деңгей – А1, базалық деңгей – А2, орта деңгей – В1, ортадан жоғары деңгей – В2, жоғары деңгей – С1.
ТҮСІНІКХАТ
Осы бағдарлама қазақ тілін оқыту үшін ұсынылады.
Бағдарлама міндеті:
- қазақ тілін оқытудың мазмұнын біріздендіру, жүйелеу;
- тілді оқытуды функционалдық аспектіге негіздеу.
Бағдарлама негізінде мына мәселелер бар:
- қазақ тілі курсын көп деңгейлі және үздіксіз білім беру аясында ұйымдастыру;
- қазақ тілін оқытуды тіл үйренушінің коммуникативтік, когнитивтік, ақпараттық, әлеуметтік-мәдени, кәсіби, жалпы мәдени құзыреттерін кешенді дамытуға бағыттау.
Аталған бағдарлама коммуникативтік бағытты, мәдени, интеграциялық, педагогикалық, әдістемелік ұстанымдарды ескере отырып, құрылған.
Коммуникативтік бағыт ұстанымы проблемалық тақырыптарды және шығармашылық жаттығуларды, лингвистикалық тапсырмаларды меңгере алуы, қатысымның шынайы жағдаяттарын пайдалана алуы, коммуникация үдерісінде бірден жауап беру біліктілігінің қалыптасуы, әр түрлі жағдаятта шынайы қатысымға психологиялық дайындығының қалыптасуы.
Мәдени ұстаным мен педагогтік ұстаным – курстың тақырыптық аясын тілдік, сөйлеу, елтанымдық материалдарды мұқият таңдаудан, сондай-ақ тіл үйренушінің талабына сәйкес тапсырмалар түрі мен формаларын типтендіру.
Интеграциялық ұстаным – бір мезгілде коммуникативтік, кәсібилік, академиялық, әлеуметтік біліктілігінің дамуы.
Тіл үйренушінің дербестік ұстанымы – курстың құрылымы туралы ақпараттың ашықтығы, тапсырманы орындау талаптары, бақылау мазмұны, жазбаша және ауызша жұмыстың түрлерін бағалау өлшемдері, сондай-ақ жүйені қосымша білім алу үшін пайдалану мүмкіндігі. Аудиториялық, өз бетінше жұмысты ұйымдастыру – оқу еңбегінің нәтижесіне тіл үйренушінің жеке жауапкершілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Оқу дербестігі деңгейін көтеруде бақылаудың балдық-рейтингтік жүйесінің маңызды рөлі бар.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ
Мақсаты: тіл үйренушіні қазақ тілін оқытудың үш деңгейлік жүйесінің ішкі сатыларымен төменнен жоғарыға қарай көтере отырып, әлеуметтік коммуникативтік міндеттерді әр түрлі тұрмыстық, мәдени, кәсіби және ғылыми қызмет қатысымында коммуникативтік құзыреттілікті қажетті деңгейде меңгеру.
Міндеттері:
- тіл үйренушінің өз бетінше білім алу қабілетін дамыту;
- танымдық, зерттеу біліктілігін қалыптастыру;
- ақпараттық мәдениетін дамыту;
- ой-өрісін кеңейту және жалпы мәдениетін көтеру.
ОҚЫТУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Оқу материалын меңгеру үшін әр деңгейге 100 оқу сағаты ұсынылады. Оқу қатысымының тақырыптары барлық деңгейлер үшін бірдей, бұл білім кеңістігінің тұтастығын қамтамасыз етеді.
№ |
Тақырып |
Грамматика |
Oқылым |
Тыңдалым |
Сөйлесім |
Жазылым |
Сағат саны |
Мерзімі |
||||||||
І. Отбасы мәселелері (8 сағат) |
||||||||||||||||
1 |
Отбасы мәселелері |
Есімше. Тұйық етістік |
|
|
|
|
2 |
|
||||||||
2 |
Отбасы бюджетін сауатты жоспарлай білесіз бе? |
|
|
|
|
2 |
|
|||||||||
3 |
Cіз ақшаңызды есептейсіз бе? |
|
|
|
|
2 |
|
|||||||||
4 |
Бекіту: «Отбасы –тыныс -тіршіліктің ұясы» тақырыбына шағын эссе жазу |
2 |
|
|||||||||||||
ІІ. Тіл білудің пайдасы (6 сағат) |
||||||||||||||||
1 |
Тіл білудің пайдасы |
Қарсылықты салалас сөйлем. Себеп-салдар СҚС. |
|
|
|
|
2 |
|
||||||||
2 |
Тіл үйренудің жалпы ережелері |
|
|
|
|
2 |
|
|||||||||
3 |
Бекіту: Мемлекеттік тілді білу-мемлекет талабы. (Мақала жазу) |
2 |
|
|||||||||||||
III.Әлем тағамы алдыңызда (8 сағат) |
||||||||||||||||
1 |
Қазақ халқының ұлттық тағамдары |
Ыңғайлас СҚС. және, да, де, әрі Келісу, растау мәнді қыстырма: әрине, әлбетте, шынында |
|
|
|
|
2 |
|
||||||||
2 |
Табиғи өнім-денсаулық кепілі |
|
|
|
|
2 |
|
|||||||||
3 |
Әлем тағамы алдыңызда |
|
|
|
|
2 |
|
|||||||||
4 |
Бекіту. Мазмұндама жазу |
2 |
|
|||||||||||||
IV. Ғылым және жұмыс ( 6 сағат) |
||||||||||||||||
1 |
Білімді мыңды жығады... |
Күшейткіш демеуліктер-ақ,-ау,-ай. Кезектес СҚС. Жалпылау есімдігі |
|
|
|
|
2 |
|
||||||||
2 |
«Болашақ» бағдарламасының маңызы зор |
|
|
|
|
2 |
|
|||||||||
3 |
Бекіту. Пікірсайыс |
2 |
|
|||||||||||||
V. Мұражай: тарих және мәдениет (8 сағат) |
||||||||||||||||
1 |
Әлемнің үздік мұражайлары |
Талғаулы СҚС. «не, не болмаса». Қалып етістіктері. |
|
|
|
|
2 |
|
||||||||
2 |
Мұражай түрлері |
|
|
|
|
2 |
|
|||||||||
3
|
Қазақстанның мұражайлары |
|
|
|
|
2 |
|
|||||||||
4 |
Бекіту. Қазақстанда қандай мұражайларды білесіз? |
2 |
|
|||||||||||||
VI. Спорт тынысы (8 сағат) |
||||||||||||||||
1 |
Спорт түрлері |
Төл сөз бен төлеу сөз. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.
|
|
|
|
|
2 |
|
||||||||
2 |
Қазақстанның олимпиадалардағы жетістіктері |
|
|
|
|
2 |
|
|||||||||
3 |
Қазақтың ұлттық ойындары |
|
|
|
|
2 |
|
|||||||||
4 |
Бекіту. Қазақстанда қай спорт түрлері дамыған, қай спорт түрлерін дамыту керек? Пікірлесу |
2 |
|
|||||||||||||
VII. Экология (6 сағат) |
||||||||||||||||
1 |
Экологиялық мәселелер |
...барғалы бері,...барғалы жатырмын...бара бастадым. Себеп-салдар және талғаулы СҚС. |
|
|
|
|
2 |
|
||||||||
2 |
Қазақстанның экологиясы
|
|
|
|
|
2 |
|
|||||||||
3 |
Бекіту. «Сіз Қазақстанның азаматы ретінде еліміздің экологиясын қорғауға қандай үлес қоса аласыз? |
2 |
|
|||||||||||||
VIII.Наным-сенімдер (6 сағат) |
||||||||||||||||
1 |
Наным-сенімдер |
Түсіндірмелі СҚС. «сонша, сондай, соншалық, сол мынау» Қарсылықты СҚС(қайталау) |
|
|
|
|
2 |
|
||||||||
2 |
Жұлдызнама бойынша сіз кімсіз? |
|
|
|
|
2 |
|
|||||||||
3 |
Бекіту |
2 |
|
|||||||||||||
IX.Елтаным (4 сағат) |
||||||||||||||||
1 |
Дүниежүзілік көрмелер тарихы |
Күрделі сан есім. Мезгіл үстеуі |
|
|
|
|
2
|
|
||||||||
2 |
Бекіту |
|
2 |
|
||||||||||||
Аралық бақылау |
60 сағат |
|
||||||||||||||
|
X.Жұмыс және этика (6 сағат) |
|||||||||||||||
1 |
Мемлекеттік қызметші этикасы |
Септеулік шылаулар. Тұрақты тіркестер |
|
|
|
|
2 |
|
||||||||
2 |
Әріптес және достық |
|
|
|
|
2 |
|
|||||||||
3 |
Бекіту. Пікірсайыс сабағы |
|
|
|||||||||||||
|
X I. Адам және қоғам ( 6 сағат) |
|||||||||||||||
1 |
XXI ғасыр адамы |
Күшейткіш үстеулер. Құранды етістіктер |
|
|
|
|
2 |
|
||||||||
2 |
Қазіргі жастар |
|
|
|
|
2 |
|
|||||||||
3 |
Бекіту. Эссе жазу |
2 |
|
|||||||||||||
|
ХII. Ресми іс- қағаздар( 8 сағат) |
|||||||||||||||
1 |
Іс-қағаз түрлері |
Есімшенің заттануы. Модаль сөздер |
|
|
|
|
2 |
|
||||||||
2 |
Жеке тұлғаға қатысты құжаттар |
|
|
|
|
2 |
|
|||||||||
3 |
Ұжымдық құжаттар |
|
|
|
|
2 |
|
|||||||||
4 |
Қорытынды лексика-грамматикалық тест |
2 |
|
|||||||||||||
|
Қорытынды емтихан |
40 сағат |
|
|||||||||||||
|
Барлығы – 100 сағат |
|||||||||||||||