«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
Мемлекеттік қызметшілерге, ересектерге арналған қазақ тілін оқыту бағдарламасы В1 орта деңгей

Мемлекеттік және жергілікті басқару органдарындағы мемлекеттік қызметшілерге, ересектерге арналған қазақ тілін оқыту бағдарламасы

В1 орта деңгей

100 сағат

 

           

 Әдістемелік отырыстың хаттамасы

     № ____ «____» ________ 2019 ж.

                                                                                                                                            Әдіскер________Ж.М.Муханбетжанова

 Арқалық, 2019 жыл

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақ тілін меңгерудің әр түрлі деңгейлерін сипаттау мен дифференциациялау, сондай-ақ осы деңгейлерді оқытатын сәйкес лингвометодикалық моделін құру – қазақ тілін  өзгетілділерге оқытудың қазіргі теориясы мен практикасындағы өзекті мәселелердің бірі. Бір тілді меңгеру дегеніміз – ғылыми әдебиетте осы тілде әр түрлі коммуникативтік әрекетінің қатысым салаларында (тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери, ғылыми-кәсіби салада) тілдік құзыреттілігі мен сөйлеу қабілетінің қалыптасу дәрежесі. Қазіргі лингводидактикада тілді меңгерудің бірнеше деңгейлерін бөліп көрсетеді. Қазақстандық топтастыруда бес деңгей қабылданған: қарапайым деңгей – А1, базалық деңгей – А2, орта деңгей – В1,  ортадан жоғары деңгей – В2, жоғары деңгей – С1.

 

ТҮСІНІКХАТ

 

Осы бағдарлама қазақ тілін оқыту үшін ұсынылады.

Бағдарлама міндеті:

-  қазақ тілін оқытудың мазмұнын біріздендіру, жүйелеу;

-  тілді оқытуды функционалдық аспектіге негіздеу.

Бағдарлама негізінде мына мәселелер бар:

-  қазақ тілі курсын көп деңгейлі және үздіксіз білім беру аясында ұйымдастыру;

- қазақ тілін оқытуды тіл үйренушінің коммуникативтік, когнитивтік, ақпараттық, әлеуметтік-мәдени, кәсіби, жалпы мәдени құзыреттерін кешенді дамытуға бағыттау.

Аталған бағдарлама коммуникативтік бағытты, мәдени, интеграциялық, педагогикалық, әдістемелік ұстанымдарды ескере отырып, құрылған.

Коммуникативтік бағыт ұстанымы проблемалық тақырыптарды және шығармашылық жаттығуларды, лингвистикалық тапсырмаларды меңгере алуы, қатысымның шынайы жағдаяттарын пайдалана алуы, коммуникация үдерісінде бірден жауап беру біліктілігінің қалыптасуы, әр түрлі жағдаятта шынайы қатысымға психологиялық дайындығының қалыптасуы.

Мәдени ұстаным мен педагогтік ұстаным – курстың тақырыптық аясын тілдік, сөйлеу, елтанымдық материалдарды мұқият таңдаудан, сондай-ақ тіл үйренушінің талабына сәйкес тапсырмалар түрі мен формаларын типтендіру.

Интеграциялық  ұстаным – бір мезгілде коммуникативтік, кәсібилік, академиялық, әлеуметтік біліктілігінің дамуы.

Тіл үйренушінің дербестік ұстанымы – курстың құрылымы туралы ақпараттың ашықтығы, тапсырманы орындау талаптары, бақылау мазмұны, жазбаша және ауызша жұмыстың түрлерін бағалау өлшемдері, сондай-ақ жүйені қосымша білім алу үшін пайдалану мүмкіндігі. Аудиториялық, өз бетінше жұмысты ұйымдастыру – оқу еңбегінің нәтижесіне тіл үйренушінің  жеке жауапкершілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Оқу дербестігі деңгейін көтеруде бақылаудың  балдық-рейтингтік жүйесінің маңызды рөлі бар.

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ

 

Мақсаты: тіл үйренушіні қазақ тілін оқытудың үш деңгейлік жүйесінің ішкі сатыларымен төменнен жоғарыға қарай көтере отырып, әлеуметтік коммуникативтік міндеттерді әр түрлі тұрмыстық, мәдени, кәсіби және ғылыми қызмет қатысымында коммуникативтік құзыреттілікті қажетті деңгейде меңгеру.

Міндеттері:

- тіл үйренушінің өз бетінше білім алу қабілетін дамыту;

- танымдық, зерттеу біліктілігін қалыптастыру;

- ақпараттық мәдениетін дамыту;

- ой-өрісін кеңейту және жалпы мәдениетін көтеру.

 

ОҚЫТУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

Оқу материалын меңгеру үшін әр деңгейге 100 оқу сағаты ұсынылады. Оқу қатысымының тақырыптары барлық деңгейлер үшін бірдей, бұл білім кеңістігінің тұтастығын қамтамасыз етеді.

 

Лексикалық тақырыптар

Грамматикалық минимум

Сөйлесім

Тыңдалым

Оқылым

Жазылым

Сағат  саны

Мерзімі

І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

І. Қарым-қатынас / Достық  (8 сағат)

1

Отбасы – адамның алтын ұясы

Есімдік. Сұрау есімдігі. Сілтеу есімдігі.Салыстырмалы  шырай

 

 

 

 

2

 

2

Ағаш тамырымен, адам досымен мықты

 

 

 

 

2

 

3

Өмірдің маңызы

 

 

 

 

2

 

4

Бекіту: «Шегенің ізі»  әңгімесі бойынша  рөлдік ойын  көрсету

2

 

Келіңіз ән шырқайық!  «Анашым» сөзі: Қ.Жұмағалиев, әні: М.Омаров

ІІ. Баспасөз-медиа (8 сағат)

1.

Баспасөз-медиа

Сын есім. Асырмалы шырай. Ырықсыз етіс. Ауыспалы өткен шақ. Мезгіл үстеуі. Септеулік шылау

 

 

 

 

2

 

2.

Газет, журнал оқисыз ба?

 

 

 

 

2

 

3.

Бұқаралық ақпарат құралдары

 

 

 

 

2

 

4.

Бекіту: Тілші - рөлдік ойын

2

 

Келіңіз ән шырқайық! «Армандастар» әні. Сөзі: Н.Әлімқұлов, әні: Ә.Бейсеуов

III. Өмір сүру салты  (8 сағат)

1.

Салауатты өмір салты

Көмекші есімдер. Тұйық етістік . Мақсатты келер шақ. Бұйрық рай. Болымсыздық есімдігі

 

 

 

 

2

 

2.

Әлемнің алып қалалары

 

 

 

 

2

 

3.

Шетелдіктердің өмір салты

 

 

 

 

2

 

4.

Бекіту 

 

2

 

IV. Саяхат  ( 8 сағат)       

1.

Менің демалысым...

Болжалдық келер шақ. Бұйрық рай + деп едім. Жалғаулық шылаулар. «Көру» модальды етістігі.

 

 

 

 

2

 

2.

Саяхатқа шығуға дайынсыз ба?

 

 

 

 

2

 

3.

Туризм.

Қазақстандағы қандай демалыс орындарын, шипажайларды білесіз?

 

 

 

 

2

 

4

Бекіту

 

2

 

V.  Тұлғалар  (8 сағат)

1.

Әлемді өзгерткен  адамдар

Қыстырма сөздер. Сын есім тудырушы жұрнақтар. Ортақ етіс. Есімшенің анықтауыштық қызметі

 

 

 

 

2

 

2.

Абай Құнанбаев

 

 

 

 

2

 

3.

Ахмет Байтұрсынов

 

 

 

 

2

 

4.

Бекіту. «Тұлға болу қиын ба?» шығарма жазу

2

 

VI. Мамандықтың бәрі жақсы ( 6 сағат)

1

Өз мамандығыңызды қажетті мамандық деп санайсыз ба?

Зат есім тудырушы жұрнақтар. Біріккен сөздер. Қос сөздер. Бөлшектік сан есімдер. Белгісіздік  есімдігі

 

 

 

 

2

 

2

Мамандықты қалай таңдау керек?

 

 

 

 

2

 

3

Бекіту: диктант жазу

2

 

Келіңіз ән шырқайық!  «Ұстазым»  әні: Ә.Еспаев, сөзі: А.Шәмкенов

VII. Отандық тауар ( 8 сағат)

1.

Отандық өнімдер

Болжалдық сан есім.

Мөлшер үстеуі. Одағай. Өзгелік етіс

 

 

 

 

2

 

2.

Отандық өндірушілер. Тұтынушы қажеттілігі

 

 

 

 

2

 

3.

Еліміздегі жеңіл  өнеркәсіп

 

 

 

 

2

 

4.

Бекіту:  Отандық тауар өндірісі туралы көпшілік алдында баяндама жасау

2

 

VIII. Әлемде талай қызық бар (6 сағат)

1.

Көп жүрген адам көп жасайды

Шартты рай. Өзгелік етіс.

 

 

 

 

2

 

2.

Әлемде талай қызық бар

 

 

 

 

2

 

3.

Бекіту: бақылау жұмысы

 

 

 

 

2

 

Аралық бақылау

60 сағат

 

 

ІІ жартыжылдық

ІХ. Сән әлемі (8 сағат)

1.

Қазақстандық сәнгерлер

Есімше. Сын-бейне үстеуі.

 

 

 

 

2

 

2.

Қазақстандық «мода» жайлы не білесіз?

 

 

 

 

2

 

3.

Әлемдік сәнгерлер

 

 

 

 

2

 

4.

Бекіту

Қазақстандық бір сәнгер туралы ақпарат дайындау

2

 

Х. Тағам (10 сағат)

1.

Тағамдар

Белгісіздік, сұрау есімдіктері. Көсемшенің қимыл-сын пысықтауыш қызметі

 

 

 

 

2

 

2.

Жемістер

 

 

 

 

2

 

3.

Ең зиянды тағамдар

 

 

 

 

 

 

4.

Дұрыс тамақтану қағидалары

 

 

 

 

2

 

5

Бекіту

«Сіз қалай тамақтанасыз?» сауалнама

2

 

ХІ. Білім (8 сағат)

1.

Болашақтың кілті – білімде

Сөйлемнің Бірыңғай мүшелері. Себеп-салдар СҚС.

 

 

 

 

2

 

2.

Қазақ халқынан шыққан ұлы ұстаздар

 

 

 

 

2

 

3.

Қазақстандағы ЖОО

 

 

 

 

2

 

4.

Бекіту

Жергілікті газетке білім мәселесі төңірегінде мақала жазу

2

 

ХІІ. Ресми іс-қағаздар (14 сағат)

1.

Ресми іс-қағаздарының түрлері

Етіс+келер шақ. Ауыспалы келер шақ.

 

 

 

 

2

 

2.

Жеке тұлғаға қатысты іс-қағаздар

 

 

 

 

2

 

3.

Өмірбаян. Түйіндеме

 

 

 

 

2

 

4.

Қолхат. Сенімхат

 

 

 

 

2

 

5.

Ұжымдық құжаттар

 

 

 

 

2

 

6

Жеке еңбек келісім шарты

 

 

 

 

2

 

7

Қорытынды емтиханға дайындық

2

 

 

40 сағат

 

Қорытынды емтихан

Барлығы 100 сағат