«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
Орталық БАҚ бетінде

Жабай

зат. жерг. Қара мал (сиыр) асығы; томпай.

Жабай қорғасын құйылмаса да тігулі тұрған асықты ұшырып түсіретіндей салмақты болып келеді (Қаз. этнография., 2, 131).

 

Жалаңқат

зат. көне. Астарламай тігілген жұқа шапан.

Мінуге керек қазанат Беліне керек шар болат. Денеге керек жалаңқат, Жаппарға жан аманат (Қобыланды, 253).

 

Жарылқасынхат

зат. сөйл. Алғысхат.

Қатын патша Иванқызының Əбілқайырдың жіберген елшілеріне берген грамотасы (жарылқасынхаты) міне (Соц. Қаз., 20. 03. 1991, 3).

 

Желгір

сын. сөйл. Желгіш.

Қаракерді желдіріп үйрете берсе, желгір болатын түрі бар (Ғ. Нұрпейісов, Аңшы сыры, 96).

 

Жөң

Нар атасының ұлы көп. Олар: аруана, біртума, қоспақ, жөң, жампоз, далбағай, қылағай, оқпақ т.б. (Қазақ елі, 07. 03. 1997, 4).

 

Жұмһұриат

зат. көне. Мемлекет, республика.

Қытайдың ескі хандығы жығылып, орнына жаңа жұмһұриат (республика) жасалды («Қазақ» газеті, 1914, 116).

 

 

Жұнт

зат. Жабайы болып кеткен, тағыланған, мінілмеген жылқы (Қаз. этнография., 2, 447).

 

Жінігіс

зат. Ала шапқын болғандық, жан ұшырғандық; жанталас.

Ендеше ру болып ұжымға өтетін мұндай жінігіс неге керек? (М. Разданұлы, Алтай., 96).


Ағылшын тілі курсына шақырамыз!

 

Ағылшын тілі – компьютер, әлемдік ғылым, мәдениет тілі. «Біз, қазақтар, әлемдік ғылым мен мәдениетке орыс тілі арқылы шықтық. Бірақ қазір ағылшын тілін меңгеріп, көкжиегімізді кеңейте түсуіміз қажет», - деп елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқан болатын. Олай болса, еліміздің шет елдерімен қарым-қатынасы күшейіп отырған кезде қазіргі тіл үйренушілердің  ағылшын тіліне қызығуын, білімге деген құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір оқытушының  міндеті.

 

Арқалық қаласының калалық тілдерді оқыту орталығында ағылшын тілін оқып үйренемін деушілердің саны жыл сайын артуда. Сол себепті аталған орталықта ағылшын тілін оқып үйренем деген кез келген жанға жақсы мүмкіндік жасалған. Ағылшын тілін оқытудағы басты мақсат - тыңдаушыларға шетел тілінде сөйлеуді үйрету, әлеммен байланыста болу және ортақ тіл табысу, сабақ  барысында  жаңа  технологияларды  қолдану  арқылы  әрбір  тыңдаушының  ойлау  қабілетінің  дамуына, пікір алмасуға, еркін  сөйлеу әрекеттерін жандандырып, сауатты жазуына толығымен мүмкіндік туғызу.

 

Ағылшын тілі курсында өткен жылы барлығы 7 топ 146 тыңдаушы оқыды. Бастауыш деңгейде 3 топ, жалғастырушы деңгейде 4 топ бар. Жыл басында 77 тыңдаушы кіріс тест тапсырып курсқа қабылданып, олар А1 және А2 деңгейлік бағдарламалары бойынша 2 жыл мерзімінде 100 сағаттық курсты меңгерді.

 

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы «Қазақстан Республикасында пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» №20-ПГВр қаулысының 2.4 тармағын «оқытудың кабинеттік жүйесін тоқтату» жайында хат келіп, бұйрық шығып, сабақтар қашықтықтан оқыту жалғасын тапты.  Биылғы жылы карантинге қарамастан курста ZOOM платформасы, WhatsApp әлеуметтік желілері арқылы бастауыш және жалғастырушы деңгейдің сабақтары толығымен онлайн түрде өткізіліп, жыл соңында 69 тыңдаушы ағылшын тілінен Online Test Pad бағдарламасы арқылы қорытынды емтихан тапсырды. Сондай-ақ оларға  ағылшын тілі курсының «Pre-Intermediate A2» деңгейін сәтті аяқтағаны үшін онлайн режимде сертификат табысталды.

 

Аталған курс алдағы уақытта да өз жұмысын жалғастыратын болады. Осы орайда қалалық тілдерді оқыту орталығына қазақ/латын/, ағылшын тілдерін үйренем деушілерге ақпан айынан бастап курстар басталатынын хабарлаймыз. Тегін тіл үйренуге ниет білдірген қала жұртшылығына әрдайым  калалық тілдерді оқыту орталығының есігі ашық! 

 

Ағылшын тілінің  оқытушысы

 Гүлнұр Райханқызы

 

 

{gallery}-1/8{/gallery}