«15» 01 . 2020 ж/г. №14
Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ
ректорына, колледж және ауыл,
қала мектептерінің директорларына
(тізім бойынша)
«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, үш тілді жетік меңгерген жастар арасында өтетін «Тіл шебері» атты қалалық байқауын 21 ақпан күні, сағат 15:00-де Ә.Боранбаев атындағы кинотеатрында өткізеді.
Осы орайда байқауға қатысушылар туралы мәліметті (өтінім) қосымшаға сәйкес жеке куәліктің көшірмесі мен эссе жұмыстарын 10 ақпанына дейін жіберулеріңізді сұрайды.
Қосымша 2 парақ
Директор Б.Қалмағанбетова
Орынд.: Ж.Муханбетжанова
Тел. 7-02-12
Үш тілді жетік меңгерген жастардың
«Тіл шебері» қалалық байқауын өткізу
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
- «Тіл шебері» облыстық байқауы үштілділікті енгізуді ынталандыруға бағытталған.
- Байқаудың мақсаты:
1) үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау;
2) қазақстандық патриотизмді нығайту, тілдік мәдениетті тәрбиелеу, өзге халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыру.
- Олимпиада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.
- Байқау үш кезеңнен тұрады:
-Бірінші кезең – қалалық байқау
-Екінші кезең – облыстық байқау
-Үшінші кезең – республикалық байқау
- Байқауға 18-22 жас аралығындағы қала жастары (ұстаздар, жас мамандар) қатыса алады. Олимпиада екі кезеңде өтеді: бірінші кезең – қалалық, екінші кезең – облыстық.
- Байқау мынадай тапсырмалардан тұрады:
1) тапсырылған тақырып бойынша қазақ тілінде эссе жазу (берілген тақырыпқа сәйкес кілт сөздер тізімі, сөз тіркестері, тақырыпқа сәйкес мақал-мәтелдер мен сөйлемдерді қолдану міндеттеледі).
2) мәтінге ілеспе аударма жасау (орыс тілінде),
3) экранда көрсетілген мәтін, картина немесе видеоның мазмұнын ашу (ағылшын тілінде).
- Қорытынды ережелер
- Байқау қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Сандық құрамы 5 адамнан аспауы тиіс.
Қазылар шешім шығару барысында мынадай талаптарды басшылыққа алады:
-тілдерді білу деңгейі;
-жазу сауаттылығы мен дыбыстардың дұрыс айтылуы;
-жауаптың оралымдылығы мен толықтығы;
-жауаптың мазмұны мен ерекшелігі;
-өзін-өзі ұстауы және уақытын дұрыс пайдалануы.
Байқауға қатысушы үміткер стильдік киімде киінуі тиіс.
Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешіміне сәйкес дипломдармен, алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаз байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алады.
Эссе тақырыбы: «Жарқын болашақ: латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту»
Кілт сөздер: болашаққа бағдар, тәуелсіз мемлекет, қазақ тілі, келешек, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру, атаулы күн, тіл саясатын іске асыру, ІТ технология, мемлекеттік тіл, рухани жаңғыру, ақпараттық кеңістік, қазақ азаматтарының тегі мен есімдерін дұрыс жазу, мәдени мұра, мемлекеттік тілді қолдау, Абайдың 175 жылдығы.
Ескерту: эссе (қазақ тілінде) А4 қағазына жазып, 10 ақпанға дейін кестеге сәйкес өтінішпен қоса тапсырылу тиіс.
Әр қатысушымен бірге 15 қолдаушы топ келуі керек.
Өтінім формасы
№ |
Мекеме атауы |
Аты-жөні |
Жасы, ұлты |
Байланыс телефоны |
|
|
|
|
|
Мекен жайымыз: Арқалық қ., Абай даңғылы 29, «Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
Байланыс телефондары: 8-714-30-7-02-12
Эл.мекен-жай: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.