«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
«Мемлекеттік тіл - мәртебең» қалалық байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ

«28»  04 .   2020 ж/г.                                  №60              

  

Мемлекеттік мекеме және мемлекеттік

қызмет көрсететін ұйымдар мен бөлім

басшыларына

(тізім бойынша)

                                                                                               

«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы»  коммуналдық  мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік қызметшілер (командалық)  арасында өтетін «Мемлекеттік тіл – мәртебең» атты  қалалық байқауын мамыр айында өткізеді.

Осыған орай байқауға (1 командада 3 қызметкер) қатысушылар туралы мәліметті (өтінім) қосымшаға сәйкес жеке куәліктің көшірмесін 17 мамырға дейін  жіберулеріңізді сұрайды.

Қосымша 2 парақ

 

 

 Директор                                                                               Б.Қалмағанбетова

 

 

Орынд.: Ж.Муханбетжанова

Тел. 7-02-12

 


 

 «Мемлекеттік тіл - мәртебең»  қалалық байқауын өткізу

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер
  2. «Мемлекеттік тіл – мәртебең» қалалық байқауы ҚР мемлекеттік қызметшілер күніне және Тұңғыш Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына арналған.

- Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы байқау ұйымдастырушысы болып табылады.

- Байқаудың нақты өтетін уақыты қосымша хабарланатын болады.

- Байқау мемлекеттік тілде өткізіледі.

  1. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
  • мемлекеттік тіл саясатын насихаттау;
  • мемлекеттік қызметшінің беделін арттыру, ең үздік мемлекеттік қызметшілер командаларын анықтау және ынталандыру;
  • Тұңғыш Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында баяндалған қазақстандық мемлекеттілік, қоғамның шоғырлану құндылықтары, бейбітшілік пен өркендеу, қоғамдық сананы жаңғырту идеясын нығайту.
  1. Байқаудың шарттары:

-«Мемлекеттік тіл - мәртебең» қалалық байқауына мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен құрылған командалар қатысады. Әр команда құрамы 3 адамнан кем емес.

-Конкурсқа әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ, сондай-ақ, мемлекеттік қызметте өтілі 1 жылдан кем емес мемлекеттік қызметшілерге жол беріледі.

-Байқау екі кезеңде өтеді: бірінші кезең – қалалық, екінші кезең – облыстық.

  1. Байқаудың өту барысы

Байқау мынадай тапсырмалардан тұрады:

1-кезең – «Тұсаукесер»: команда капитандары таныстырады (команда атауы мен ұраны, екі минуттан кем емес).

2-кезең – «Қазақ тілінде мәтін оқу» топтық сайыс (3 минуттан көп емес). Экранда мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық нормалары» бойынша мәтін беріледі. Бір ситуациялық сұрақ беріледі (Екі кезең бойынша ең жоғары ұпай жинаған командалар финалға қатыса алады).

 3-кезең (финал) – Қазақстанның киелі картасы «Жер-судың – тарихтың хаты» топтық сайыс. Экранда Қазақстанның киелі картасы көрсетіліп тұрады. Үміткер таңдаған нысанның қысқаша сипаттамасын беруі тиіс (Байқау соңында ең жоғары ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады).

  1. Қорытынды ережелер
  • Байқау қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Сандық құрамы 5 адамнан аспауы тиіс.

Қазылар шешім шығару барысында мынадай талаптарды басшылыққа алады:

-сөз мәдениеті, дұрыс айтылуы, мәнерлеп оқу;

-ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін білуі және жауаптың толықтығы.

2) Қазылар алқасы 5 балдық жүйе бойынша бағалайды.

Байқауға  қатысушы  үміткер стильдік  киімде киінуі тиіс.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешіміне сәйкес  дипломдармен, алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаз байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алады.

І орын (біреу) – шаңсорғыш

ІІ орын (біреу) – мультиварка

ІІІ орын (біреу) – картина

ІІІ орын (біреу) – ваза

Жеңімпаз команда байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алады.

 

 

Өтінім формасы

Қатысушының аты-жөні

Туылған жылы, айы, күні

Мемлекеттік орган атауы, лауазымы, мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі атауы

Байланыс телефоны

 

        

 

 

 

       

        Мекен жайымыз: Арқалық қ., Абай даңғылы 29, «Арқалық  қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ

        Байланыс  телефондары: 8-714-30-7-02-12

        Эл.мекен-жай: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.