«17» 02 . 2020 ж/г. №34
Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ
ректорына, колледж және ауыл,
қала мектептерінің директорларына
(тізім бойынша)
«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ұлы ақын А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай оқулары» атты қалалық байқауын 27 наурыз күні, сағат 15:00-де Ә.Боранбаев атындағы кинотеатрында өткізеді.
Осы орайда байқауға қатысушылар туралы мәліметті (өтінім) қосымшаға сәйкес жеке куәліктің көшірмесі мен шығармашылық жұмыстарын (арнау) 15 наурызға дейін жіберулеріңізді сұрайды.
Қосымша 2 парақ
Директор Б.Қалмағанбетова
Орынд.: Ж.Муханбетжанова
Тел. 7-02-12
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Ұлы ақын А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған
«Абай оқулары» қалалық байқауын өткізу
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
- Байқаудың мақсаты:
- Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында Ұлы ақынның өнегелі өмірін дәріптеу, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, халық арасынан ерекше дарындарды іздеп табу;
- қазақ тілінің көркемдік ерекшеліктерін Ұлы Абайдың шығармалары арқылы насихаттау;
- Абай шығармалары негізінде қоғамдық ынтымақтастықты орнықтыру;
-Абай шығармалары арқылы көркемсөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру;
-Абай шығармаларын тіл үйренудің тиімді әдісі ретінде таныту.
- Өткізу тәртібі мен шарттары
1.Байқауға 18-30 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады;
2.Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арнау (6 шумақтан кем емес);
3.Абайдың 45 қара сөзін латын графикасында (соңғы нұсқадағы алфавит бойынша) оқып беру (экранда көрсетілген сандарды таңдау арқылы) 1 қарасөзін оқып беру;
- «Абай жолы» романынан жатқа үзінді оқу;
5.Абайдың әлем тілдеріне аударылған шығармаларынан 1 үзіндіні жатқа мәнерлеп оқу (шет тілде оқуға болады);
6.Шығармаларды оқу барысында музыкалық фон, шығарма тақырыбына сәйкес атрибуттар, презентациялар, слайдтар қолдануға немесе түрлі көріністер ұйымдастыруға болады;
7.Байқауға қатысушы өзі оқитын Абайдың шығармасы туралы қысқаша ақпарат беру міндетті.
8.Қатысушыға берілетін уақыт 3-5 минут.
9.Фонаграммаларды пайдалануға тыйым салынады!
10.Өтетін уақыты: 27 наурыз, сағат 15:00.
- Қазылар алқасы. Бағалау, марапаттау рәсімі
- Байқаудың қазылар алқасы әдебиет, мәдениет және өнер саласындағы қайраткерлер, әдебиетшілер, тілші, аудармашы, сахна шеберлерінен құралады.
- Қатысушылар 10 балдық жүйемен бағаланады;
-көркем мәтінді оқу шеберлігі;
-қазақ тілінде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуіне;
-мәнерлеп оқу қабілетіне;
-сахналық мәдениетіне назар аударады.
Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешіміне сәйкес дипломдармен, алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады:
Бас жүлде (біреу) – шаңсорғыш
І орын (біреу) – мультиварка
ІІ орын (біреу) – картина
ІІІ орын (біреу) – ваза
Жеңімпаз байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алады.
Ескерту: Әр қатысушымен бірге 15 қолдаушы топ келуі керек.
Өтінім формасы
№ |
Мекеме атауы |
Аты-жөні |
Жасы, ұлты |
Байланыс телефоны |
|
|
|
|
|
Мекен жайымыз: Арқалық қ., Абай даңғылы 29, «Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
Байланыс телефондары: 8-714-30-7-02-12
Эл.мекен-жай: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.