«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
«Тіл жаңғыруы: жаңа әліпби» тақырыбындағы дөңгелек үстел

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне арналған қазақ тілі курсы тыңдаушылары арасында «Тіл жаңғыруы: жаңа әліпби» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Өткізілетін топ: қазақ тілі курсының тыңдаушылары

Өткізілетін орын: №2 облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының оқу залы

Тақырыбы: «Тіл жаңғыруы: жаңа әліпби»

Мақсаты: Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, рухани жаңғыру бағдарламасының басты бағыттарының бірі – латын әліпбиінің тиімділігі туралы терең мағлұмат беру, қазақ жазуы тарихынан мәлімет беру; Елбасы бағдарлап берген межелерге жету жолдарын насихаттау, мемлекеттік тіл мәселесін талқылау, ой бөлісу.

Көрнекілігі: «Тіл жаңғыруы: жаңа әліпби» көрмесі, туралы ұлылардың ойлары: «Тіл – ұлттың жан дүниесі», «Тәрбие басы – тіл», «Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ», 6 қалпақ, суреттер, т.б.

Түрі: дөңгелек үстел

Дөңгелек үстелдің барысы: Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме? Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған қонақтар, тіл үйренушілер! Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді, қазақ елінің Тілдер күні мерекесімен мен шын жүректен құттықтаймын!

«Адамға екі нәрсе тірек тегі,

Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.

Былтырғы жылдан бастап Қазақстан халқы тілдерінің күні қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ақын, публицист, педагог және қоғам қайраткері А.Байтұрсыновтың құрметіне 5 қыркүйекте мерекеленетін болды. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев 2017 жылдың 31 қазаны күні «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» №689 ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды. Осыған орай, Қазақстан Халқы тілдері күні 5 қыркүйек яғни А.Байтұрсыновтың туған күні  тойланатын болды.

Ендеше «Тіл жаңғыруы: жаңа әліпби» атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер!

Ең алдымен сіздерді бүгінгі қонақтарымызбен таныстырып өтейін.

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Айдарова Гүлжан Кенжекейқызы

Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығының әдіскері Мұханбетжанова Жазира Мизамханқызы және №2 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қарқымбаева Жансұлу Максимқызы.

Дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып өту.

(Слайд мақсаты, міндеті)

Оқытушы: Біздің бақытқа жетер даңғыл жолымыз - туған Отанымызды, туған тілімізді сүюден басталады. Сондықтан да, бүгінгі мақсатымыз - ұлтшыл емес, ұлттық сана - сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша болуға тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, рухани жаңғыру бағдарламасының басты бағыттарының бірі – жаңа қазақ әліпбиінің емле ережелері жөнінде терең мағлұмат беру.

Бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтарды талқыламас бұрын қазақ жазуындағы қолданылып келген әліпбилер тарихы туралы, яғни қазақ жазуының тарихы туралы Айдарова Гулжан Кенжекейқызы таратып айтып береді. (слайд баяндама тақырыбы).

Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатыны белгілі болды. Ендеше алғашқы талқылайтын сұрақтармен таныс болыңыздар.

Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:

  1. Жаңа әліпбидегі әріптер жайында
  2. Жаңа әліпбидегі дауға қалған әріптер
  3. Баянды бастаманың болашағын қалай көресіздер

Оқытушы:

Алғашқы сұрақ бойынша ойларыңызды ортаға салып, пікір бөлісіп отырсаңыздар. (Слайд 1 мәселе)

Екінші мәселе (Слайд 2)

Оқытушы:

Құрметті қонақтар, тіл үйренушілер, Ендігі кезекте назарларыңызды жаңа әліпбидегі тапсырмаларға аударсаңыздар, мысалы: (слайд тапсырмалар)

  1. Оқылым. Әртүрлі тақырыпта жаңа әліпбиде мәтіндер оқу.
  2. Жазылым. Сіздер жаңа қазақ әліпбиінде жазуға дайынсыздар ма? (Слайд. Экранда әртүрлі сөздер беріледі, сөздерді жаңа қазақ әліпбиінде жазу қажет.) (Әр сұрақтан кейін жауаптары, пікірлері тыңдалады.)

ВИДЕОРОЛИК

Оқытушы:

Жауаптарыңызға рахмет! Қазақ тілі емле ережелеріндегі ерекшеліктер туралы сөз кезегі орталық әдіскері Мухаметжанова Жазира Мизамхановнада.

Рахмет. Осы ретте үшінші мәселемізге тоқталайық. (Слайд)

(Сұрақтар қою, талқылау)

Оқытушы:

Құрметті дөгелек үстелге қатысушылар, ойлы, маңызды пікірлеріңізге, ой толауларыңызға үлкен рахмет. Бүгінгі дөңгелек үстелде барлық тілге қатысты мәселелерді талқыладық деп ойлаймын. Ендіге кезекте сіздерге «Ең қиын тіл» атты видеролик ұсынбақпын. Роликті көре отырып, сіздерде естіген, естеріңізде қалған Тіл туралы қызықты мәліметтерді естеріңізге түсіре отырыңыздар.

(Роликтен кейін тіл туралы қызықты мәліметтер)

  1. Шығыс ғұламасы Әл - Фараби 70 - ке жуық тілді меңгерген.

* * *

  1. А. С. Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.

* * *

  1. Ұлы Абай орыс - қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.

* * *

  1. Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.

* * *

  1. Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.

 

Оқытушы:

Сергіту сәтіне кезек берейік.

Сергіту сәті: Ең ұзақ сөздер. (слайд)

Гиннестің Рекордтар кітабына 2003 жылы ең ұзақ сөз болып – «превысокомногорассмотрительствующий» сөзі енді. (Слайд. 35 әріп) 

 

Орыс тіліндегі ең ұзақ сөз

Ол «метилпропенилендигидроксициннаменилакриловая кислота» деген химиялық байланысқан қышқыл атауы болып табылады. (Слайд. 44 әріп)

Қазақ тіліндегі ең ұзақ сөз.

«Қанағаттандыралмағандықтарыңыздан» (Слайд. 33 әріп)

Оқытушы:

Бүгінгі іс-шарамыздың қорытындысы ретінде тағы бір бейнероликке назар аударыңыздар.              

Рахмет. Осы жерден дөңгелек үстелімізді қорытындылайық.

Рефлекция 6 қалпақ әдісі бойынша (слайд).

Рефлексия:
Рефлексияны біз 6 қалпақ әдісі бойынша жасаймыз. Әр қатысушыға ақ, көк, қызыл, сары, қара, жасыл түсті қалпақтар таратылып беріледі. Әр атысушыдөңгелек үстел қорытындысын шығарады.

«Ақ қалпақ» - дөңгелек үстелдің нәтижесінде алған деректерін келтіреді

«Сары қалпақ» - дөңгелек үстелдің тек жақсы жақтарын айтады.

«Қара қалпақ» - дөңгелек үстелдің кемшіліктерін айтады.

«Қызыл қалпақ» - дөңгелек үстел барысында пайда болған көңіл - күйін, айтады.
«Жасыл қалпақ» - бүгінгі дөңгелек үстелден алған білімін қайда және қалай қолдануға болатынын туралы айтады.

«Көк қалпақ» - қорытынды жасайды және пайда болған мәселелер мен сұрақтарды анықтайды.

(қатысушыларға 10 минут беріледі)

Қорытынды сөз:

Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көп ойлармен сусындадық. Тіл – тұғырлы темірқазығымыз. Қазақ тілі сіздердің басқа тілді меңгерулеріңізге ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер болады. Өз Ана тілінің бүге-шігесіне, терең иірімдеріне бойлай білу – әрбір саналы азамат болғысы келетін адамның бірінші парызы. Осы азғантай уақыттағы айтылған сөздер мен ұлылардан қалған ой – пікірлерді көкіректеріңізге мәңгі қалдырыңыздар дей отырып,  

Латын әліпбиі – біздің әліпбиіміз! Біздің болашағымыз!

Тілі - қазақ, діні –ислам, емлесі –латын,

Біз халықпыз «қазақ» деп аталатын.

Әліпбидің өзгеріп, жаңаруы,

Жер жүзіне танытады қазақ халқын. (Слайд)

Біздің тағдырымыз тілімізбен тікелей байланысты. Болашағымыз жарқын, егемендігіміз мәңгі болып, дамыған озық елдердің қатарынан ойып тұрып орын алғымыз келсе, туған тілімізді сақтайық дегім келеді!

{gallery}-1/4{/gallery}