«Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойын түрлері»
Дайындаған Б.Молдабекова
2019 жыл
«Үнсіз қимыл» ойыны.
Бір тыңдаушы әр түрлі қимылдар көрсетіп, қалған сөздерді басқа тыңдаушылар атап отырады. Мысалы: отырды, жүрді, оң аяғын көтерді, жазды, қолын көтерді, т.б. Бұл ойын тыңдаушылардың сөздік қорын байытады.
«Артық сөзді тап» ойыны.
Оқытушы тіл үйренушілерге бір қатар сөздер береді. Ойынның басты шарты – әр қатарда бір артық сөзді табу. Мысалы: ит, мысық, түлкі, ешкі, қой. Күз, қыс, көктем, желтоқсан, жаз. Ата, әже, нағашы, сіңлі, Қазақстан.
Оқытудың белсенділік түрлері деп аталатын оқыта үйрету ойындарын шартты түрде төрт топқа бөліп қарастырған жөн: а) Жеке сөздерді меңгертуге арналған ойындар; ә) Сөз тіркесін меңгертуге арналған
«Қалалар» ойыны.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының қала атауларын қаншалықты есте сақтағандарын тексеру. Қала атауларын дұрыс жазуға дағдыландыру.
Ойын шарты: Тор көздің ішіндегі шашыраңқы әріптердің басын қоса отырып, тор көздердің ішінен қала атауларын тапқызу.
С |
З |
Ы |
Л |
А |
Е |
У |
А |
Т |
Қ |
Ы |
П |
А |
Р |
Д |
А |
Н |
А |
А |
Р |
А |
В |
А |
Қ |
Т |
А |
Р |
О |
Р |
Ғ |
Л |
О |
Д |
С |
Т |
А |
Л |
А |
А |
П |
Д |
Ы |
А |
Р |
З |
«Жалғасын тап» ойыны
Мақсаты: Мақал-мәтелдерді есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Ойын шарты: Мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады. Мақал басы мен соңының орындары ауыстырылып жазылады. Тыңдаушының міндеті тілдік сызықшамен қосу арқылы әр мақалдың толық мағынасын шығару.
А) Ердің сыншысы бітеді
Ә) Жақсы болсаң, жүректе
Б) Ерлік білекте емес, шу-дұшпан
В) Жері байдың ел
Г) Ақыл дос, ардақты ат,
Ғ) Кім еңбек етсе жақын көп
Д) Мал баққанға сол тоқ
Е) Адам деген- елі бай
«Бәйге» ойыны.
Мақсаты: Шапшаң ойлауға, жинақылыққа үйрету, тез, әрі дұрыс жауап бере білуге дағдыландыру.
Ойын шарты: Бұл ойынның әр қатардан бір-бірден шабандоз шығады. Ойын белгілі бір тақырыпты өткеннен кейін бекіту мақсатында жургізуге болады. Оқытушы тақырыпқа сай сұрақтарды айтады, шабандозшылар тез әрі дұрыс жауап беру қажет. Әрбір дұрыс жауап- бір қадам алға жылжу.
Мысалы: «Сөз құрамы» тақырыбынан кейін мынандай сауалдар қоюға болады.
-
Сөз дегеніміз не?
-
Сөз құрамына не жатады?
-
Түбір дегеніміз не?
-
Қосымша дегеніміз не?
-
Жұрнақ дегеніміз не?
-
Жалғау дегеніміз не?
-
Түбірлес сөз дегеніміз не?
-
Туынды сөз дегеніміз не?
-
Көптік жалғаулары?
«Тапқыш» ойыны.
Мақсаты: Сөз таптары туралы алған білімдерін тексеру.
Ойын шарты: Әр топқа берілген кестеден әр сөз таптарына қажетті сөздерді теріп жазу.
Қ |
Ы |
Б |
Е |
С |
О |
Қ |
Ы |
А |
Й |
Д |
Ы |
І |
Ш |
К |
Д |
Л |
С |
Ы |
Н |
Д |
Ы |
Ө |
Ы |
А |
А |
Р |
Ы |
П |
П |
К |
С |
Ж |
А |
З |
Б |
И |
І |
К |
Н |
Қ |
Т |
А |
Й |
С |
Е |
Г |
І |
О |
Қ |
Р |
Ә |
П |
К |
Е |
З |
Н |
А |
А |
Т |
Ы |
Р |
Н |
А |
Зат есім : қонақ, …
Етістік: оқыды, …
Сан есім: он,…
Сын есім: көк,….
«Қатесін тап» ойыны.
А) Материалды түсіндіру барысында оқытушы әдейі қате жібереді. Тыңдаушылар сол арада мұғалімнің қателескенін шартты белгі арқылы ескертеді.
Б) Тыңдаушыға әдейі жіберілген қателері бар мәтін беріліп, өзін мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндік беріледі.
«Сөз тапқанға қолқа жоқ» ойыны.
Қойылған сұрақтарға берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап беру. (Е,Б,Ә)
Сен бүгін нешеде тұрдың?
Сен қандай үйірмеге барасың?
Демалыста қайда барасың?
Сабақ нешеде басталады?
«Бұл қай есімдіктер» логикалық ойыны.
Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдіктің түрі (біз)
Басқасының бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды (сұрау есімдігі)
“Орныңды тап “ойыны.
Ойынның мақсаты: Сөздерге дұрыс сұрақтар қоя білу.
Ойынның шарты: Тақтаға кім? не? қандай? деген сұрақтарды жазып қою. Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздерді қатты қағазға жазып, тыңдаушыларға тарату. Әр қайсысы тақтаға шығып, сөзіне қойылатын сұрақтың қасына барып тұрады. Бұл ойынды ұпай беріп ойнауға болады.
«Сөйлем қуаласпақ» ойыны.
Интерактивті тақтадан мазмұнды суреттер көрсетіледі. Топта сөйлемдер арқылы мәтін түрлері немесе хат, эссе, ой-толғау, хабарландыру, жарнама құрастырылады (ауызша).
«Сиқырлы суреттер» ойыны.
Ойынның мақсаты: тыңдаушылардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау үдерістерін дамыту.
Ойынның мазмұны: Тыңдаушылар алдарындағы бөлінділерден үлгі бойынша сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.
«Пирамида» ойыны
Тыңдаушыларға сөздер жазылған үшбұрышты кеспелер таратылады, сол кеспелер арқылы сөздің жұбын тауып, пирамида құрастырады.
«Қайталай ғой» ойыны.
1-ойыншы 1 жемістің атауын атайды.
2- ойыншы оны қайталап, тағы бір жемістің атауын қосады.
Мысалы: 1. Алма
-
алма, шие
-
алма, шие, алмұрт
«Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны немесе «иә-жоқ»
Ойынды топпен немесе жекеше ойнауға болады. Топпен ойнағанда, оқытушы сөйлем оқиды, сөйлемнің мағынасы дұрыс болса тыңдаушылар жасыл сигнал қағазын көрсетеді, ал бұрыс болса – қызыл.
«Сөз жарысы» ойыны
Ойынның мақсаты – сөздік жұмысын қайталау. Бұл ойында 3 ойыншы тақтаға шығады. Тыңдаушылар сөздерді орыс тілінде айтады. 3 тыңдаушы қазақ тіліне аударып жазады. 3 ойыншының қатесіз, бұрын жазғаны жеңімпаз болып табылады. (Доп арқылы да тексеруге болады (Аудармашы)
«Әр әріпке бір сөз» ойыны
Тыңдаушыларға сөздер беріледі, сол сөздердің әр әрпіне басталатын сөз тауып жазу керек.
Ж
е
м
і
с
«Жұбыңды тап» ойыны
екі топқа бөлінеді. Бір топ тыңдаушыларға парақтарға жазылған сөздер, ал екінші топқа сол сөздердің суреттері беріледі. Ойнаушылар жұбын табуға тиісті.
“ Баламасын тап” ойыны.
Жазылған сөздердің орынын ауыстырып, орысша баламасын табу.
Рахмет Молодец
Жарайсың Рахмет
«Ойлан, тап» ойыны.
Оқытушы «кім?» деген сұрақ қойғанда, тыңдаушылар әріптес, дос, мұғалім,қызметкер деп жауап беруге тиіс. Оқытушы «қайда?» деп сұрақ қойғанда мектепте, кеңседе, мұражайда, кезекшілікте деп жауап береді.
«Сөз жарысы» ойыны.
Бұл ойынды кез келген тақырыпты өткен кезде, нәтиже сабақта ойнауға болады. Мысалы, «Азық-түлік» тақырыбын өткен кезде үш тыңдаушы тақтаға шығып сөздер жазады. Біреуі сүт тағамдарын жазады, екіншісі сусын түрлерін жазады, үшіншісі ет тағамдарын жазады. Кім бірінші болып жазып бітірсе, сол тыңдаушы жеңімпаз болады.
«Досым қандай?» ойыны
Мақсаты: тыңдаушыларға сөз тіркесі мен сөйлемдерді дұрыс құрауды үйрету.
Шарты: Тақтаға әріптестерінің суреті ілінеді. Екі командадан екі тыңдаушы шығып, досының қасиеттерін әңгімелейді. Сөйлемдердегі сын есімдерді атау, түрлерін ажырату: сын және сапа. Бір команда достарының (сын есімдерді) сын жағын жылдам айтып береді, ал екінші команда (сын есімдерді) сапа жағын жылдам тауып отырады.
«Қызық сөздер» ойыны
Мақсаты: логикалық ойлау деңгейін жетілдіру, сөз мағынасын түсіндіру.
Шарты: берілген сөздердің ішінен керісінше оқығанда жаңа сөздерді теріп жазу. Сөз мағынасын түсіндіру.
Мысалы: ішік-кіші
Тымақ, нағашы, түс, ішік, қыран, есек, ұршық, қысым, қыс
«Кім шапшаң?» ойыны
Мақсаты: тілді жаттықтыруға, шапшаң ойлауға қалыптастыру.
Шарты: оқытушы бастап оқиды, тыңдаушылар жалғастырады.
Огурцы – қияр Усы - мұрт
Гранат - ...... Груша – ......
Мороз – аяз Кобыла - бие
Лук - ..... Вишня - .......
Земля – топырақ Фрукт - жеміс
Капуста - ........ Овощь - .......
«Сандар әлемі» ойыны
Мақсаты: сөз құрамында сан есімдері бар сөздерді жазу арқылы еске сақтау қабілеттерін жетілдіру. Сөздік қорларын молайту.
Шарты: ойынды жұптық жұмыс ретінде өткізуге болады. Қай жұп құрамында сан есімдері бар сөздерді көп жазса, сол жұп жеңімпаз атанады.