«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ базасында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде халықты цифрлық сауаттылықтың негізгі дағдыларына үйрету сабақтары басталды.
Аталған шараны Арқалық қаласы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы мамандары жүргізді. Алғашқы сабақтарға әкімдік жанындағы мемлекеттік мекемелер, бөлім басшылары мен мамандары қатысты.
Сабақ барысында қатысушылар көкейдегі сауалдарын қойып, біршама толғандырған мәселелерін талқыға салды. Сондай-ақ «электронды үкімет» порталымен қалай жұмыс жасау керектігі, оның маңызы, порталға тіркеліп, қажетті қызметтерді өздігінен қалай алуға болатыны сөз етілді.
{gallery}0-0/1{/gallery}