«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
Қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі әліпбиін жетілдіру бойынша 2020–2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына»

 

Қостанай облысы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Президентінің  латыннегізді қазақ тілі әліпбиін жетілдіруге қатысты тапсырмасына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.М.Сапарбаев бекіткен «Қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі әліпбиін жетілдіру бойынша 2020–2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес бейне конференц байланысы  режимінде ашық талқылау  өтті.

 

 

Ашық талқылауға Мәдениет  және  тілдерді  дамыту  бөлімдерінің  басшылары, білім бөлімінің өкілдері, Тіл жаңашырлары, оқу орындарының тіл мамандары мен оқытушылары, Тілдерді  оқыту орталықтарының басшылары мен мамандары және бұқаралық  ақпарат құралдарының  өкілдері қатысты.

 

                  

 

 

Шара барысында белгілі тіл мамандары мен жанашырлары әліпби жобаларына қатысты пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Ұсынылған 3 жобаның ішіндегі «А нұсқасы» көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл жөнінде Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ-ның педагогика ғылымдарының магистрі, доцент Ардақ Әмірханқызы диакритикалық белгілерге түсініктеме беріп, олардың 3 нұсқада да өте көптігіне тоқталды: «Диакритикалық белгі дегеніміз – белгілі бір дыбыстың қандай да қасиетін көрсету үшін қолданатын шартты белгі. Оны қолданушы елдер де көп және түрлері өте көп. Мысалы, умлаут, седиль, брефис, макрон, т.с.с. Бұндай диакритикалық белгілерді біздер, тіл мамандары үйреніп кетерміз (жіңішке әріптерге умлаут, мұрынжолды дыбыстарға макронды қойып), ал басқа адамдар: қарапайым халық, ата-аналар, үлкен кісілердің үйренуі үшін үлкен қиындық тудырмақ. Ал еш түсіндірместен мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміз қалай үйренбек? Сол жағын ескере келіп, мен акутты «А» нұсқасын қолдаймын».

Бұл пікірді де зиялы қауым өкілдері мен тіл мамандары бірауыздан қолдап, 1 нұсқаға 1 ғана шартты белгіні қолдану керектігін сөз етті.