«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ-нде 3-ші ақпаннан бастап қазақ және ағылшын тілі курстары басталды.
2020 жылы ағылшын тілі курсына жаңадан 77 адам, қазақ тілі курсына 214 адам тіл үйренуге ниет білдіріп, барлығы 291 тыңдаушы қабылданды.
Қазіргі таңда орталықтағы мемлекеттік тілді үйренушілер саны – 235 болса, ағылшын тілі курсы бойынша 146 тыңдаушы.
Мемлекеттік тіл курсын оқытушылар Жазира Қабдоллақызы Смағұлова мен Балайым Өмірзаққызы Молдабекова жүргізсе, ағылшын тілі курсын Гүлнұр Райханқызы Молдабаева жүргізуде.
{gallery}smx{/gallery}