«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
«Тіл шебері» байқауы өтті

Қалалық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен 21 ақпан – халықаралық ана тілі күніне орай үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» байқауы өтті.

Аталған шараға қала оқу орындарының 18-22 жас аралығындағы студенттері мен жас мамандары бақтарын сынап,  мемлекеттік тілмен қоса орыс, ағылшын тілдерін меңгеру деңгейлерін сынға салды. Барлығы 8 қатысушының ішінен оза шапқан А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназияның даярлық тобы тәрбиешісі Мұқашева Гүлім Қанатқызы І орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. 2, 3-ші орындар №2, №10жалпы орта білім беретін мектеп пен Ы.Алтынсарин  атындағы гимназияның жас мамандары (Шайхы Гулдана, Түгел Айдана, Самелова Самира) иеленіп, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қалған қатысушыларға орталықтың алғысхаты мен естелік сыйлықтар табысталды.