«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
«The kingdom of three languages» атты қашықтықтан танымдық бейнебайқау өтті

Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «The kingdom of three languages» атты қашықтықтан  танымдық бейнебайқау өтті.

 

Байқаудың мақсаты- тыңдаушылар арасынан үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген жастарды анықтау және қолдау; сонымен қатар қазақстандық патриотизмді нығайту, тілдік мәдениетті тәрбиелеу, өзге халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыру болатын. Бейнебайқау «Crossword»; «Polyglot»  «Karaoke» атты кезеңнен тұрды.

Қашықтықтан өткен байқауға барлығы 8 қатысушы өтінім білдірді.  

Танымдық бейнебайқаудың нәтижесінде І- орынды - А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы, орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Беков М. Е және ІІ- орынды Темірбай Н.Б иеленді.

ІІІ-орындарға Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін гимназиясы, биология пәні мұғалімі  Ахмедина А.Қ  және АрҚМПИ, студенті Тұрысбек Н. Д болды. Жеңімпаздар диплом және алғыс хаттармен марапатталып және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Молдабаева Г.Р.

ағылшын тілінің оқытушысы