«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
«Текті Абайдан үлгі ал, өскелең жас!»

Қашықтықтан өткен байқау 3 кезеңнен тұрды. І «Асыл сөзді іздесең...» –Абай Құнанбайұлының даналық сөздерін латын графикасында жазу, ІІ-ші «Өлең – сөздің патшасы...» - Абайдың кез келген өлеңін жатқа оқу, соңғы кезең - «Абай қара сөздері – даналықтың шыңы» ақынның кез келген қарасөзін мәнерлеп оқу. Тыңдаушылар аталған кезеңдер бойынша әзірлеген бейнематериалдарын электронды түрде (әлеуметті желілер арқылы: WhatsApp, Instagram, Facebook, VKontakte, т.б.) тапсырды.

Бейнебайқауға Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінен-3, Арқалық медициналық колледжінен-1, Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы колледжінен-2,  Арқалық қазақ жасөспірімдер театрынан-2, барлығы 8 тыңдаушы қатысты.

 

 

 

Барлық бейнебайқауға қатысқан тыңдаушылардың жұмыстары қазылар алқасының шешімімен сараланып, қорытындыланды. Бағалауда шығармаларды оқу барысындағы музыкалық фон, тақырыпқа сәйкес атрибуттар, сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, т.б. ескерілді. Бейнебайқау қорытындысы бойынша І орын Арқалық қазақ жасөспірімдер театрынан қатысқан әдеби драма бөлімінің меңгерушісі Г.С. Жумабаева алса, ІІ, ІІІ орындарға  Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің оқытушылары Л.Б. Ақылбекова мен Н.Р.Оразов ие болды. ІІІ орынды – Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы колледжінің оқытушысы Ж.С.Әбіш алды. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, алғысхаттармен марапатталып,  бағалы сыйлықтар табысталды.

   

 

Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық  тілдерді

оқыту орталығының оқытушысы Ж.Смагулова