«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
Үздік мемлекеттік қызметшілер анықталды

23 масым – мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Мемлекеттік тіл – мәртебең» атты облыстық байқауын өткізді.

 

Онлайн режіимде өткен шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейтіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыруды, яғни мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік қызметінің беделін арттыру, ең үздік мемлекеттік қызметшілер командаларын анықтау және ынталандыру. Сондай-ақ байқауға Арқалық қаласы әкімі аппаратының басшысы әрі әдеп жөніндегі уәкіл Б.Сабыржанұлы және Тілдерді оқыту орталығының басшысы Б.Саруарқызы қатысты.

 

Байқау «Тұсаукесер» бейнероликтер кезеңі, «Қонституцияны білесіз бе?» тест таспырмалары және  «Мемлекеттік қызметшінің әдеп және мінез-құлық нормалары» бойынша сұрақ-жауап пен жағдаяттық сауалдар кезеңдерінен тұрды.

 

Облыстың әр аймағынан қатысқан барлығы 23 команданың арасынан Арқалық қаласының намысын қорғаған «Жалын» командасы (құрамында «Арқалық қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы» ММ-нен басшының орынбасары Ернұр Бақтемірұлы мен бас маман Әлібек Мұратқанұлы және Арқалық қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Айсара Асанқызы) ҚР мемлекеттік қызметшісіне тән өз білімдерін  көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға қосқан зор үлестері үшін аталған мемлекеттік қызметшілерге және мекемелерге үлкен алғысымызды білдіре отырып, жеңістерімен құттықтаймыз!

 {gallery}0-0/8{/gallery}