«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
ҰЛЫ АҚЫН АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 жылдығына орай ұйымдастырылған "Абай оқулары" қашықтық байқауы өз мәресіне жетті

Аталған байқаудың 1, 3, 4-кезеңдері орталықтың инстапарақшасына орналастырылып,әр қатысушының бейнематериалдарына инстаоқырмандар  лайк пен пікір қалдырған болдырған.

 

Ал 2-ші кезең 2 бөлім:1)Quizizz-те Абайға қатысты 10 тест сұрақтарына жауап беру; 2)ZOOM платформасында ұлы ақынның латынграфикасында берілген қарасөздерін таңдаған ұяшыққа сәйкес оқып беру арқылы өткізілді.


Нәтижесінде:


І орын (Ы.Алтынсарин атындағы гимназия мұғалімі) Анар Гиссиноваға,


ІІ орын (№10 ОМ мұғалімі) Айдана Түгелге,


ІІІ орын (М.Әуезов атындағы ОМ мұғалімі) Бақытгүл  Баймаханға,


ІІІ орын (Арқалық медициналық колледжінің оқытушысы) Сағыныш Ыбырайға бұйырып, диплом мен бағалы сыйлықтарға ие болса,(Арқалық политехникалық колледжінің студенті) Эльмира Өмірзаққызы орталықтың алғысхатымен және ынталандыру сыйлығына ие болды.


Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

{gallery}0-0/12{/gallery}