24 тамызда орталық әдіскері Жазира Мизамханқызы ZOOM платформасында «Латын әліпбиіне көшу - заман талабы» тақырыбының аясында онлайн дәріс өткізді. Аталған дәрісте қала мектептерінен қатысқан 17 мұғалім өзара ой бөлісіп, жаңа әліпбиге деген көзқарастарын білдірді. Дәріс соңында QUIZIZ бағдарламасы арқылы қатысушылар тест тапсырып, сабақтан алған білімдерін тексерді.