«Жаңаша жазып жаттығамыз»
Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының студенттерінің қатысуымен «Жаңаша жазып жаттығамыз» тақырыбында тәжірибе-сабақ өтті. Сабақты институт оқытушысы Абдуллина Ардақ Әмірханқызы жүргізді. Стденттер тек оқумен ғана шектелмей, жетілдірілген әліпбиде жазып жаттықты және оқу мен жазу барысындағы өз әсерлерімен бөлісті.