ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі мақсаттарын жүзеге асыру мақсатында, қоғам өмірінің түрлі саларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету үшін алдын алу шараларын қолдану жолымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Қостанай облысы бойынша департаменті бастамашылық еткен «Парасаттылық марафоны» акциясының аясында Арқалық қаласы тілдерді оқыту орталығы «Сыбайлас жемқорлықты тоқтату» тақырыбында эссе жазу байқауын ұйымдастырып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Байқау жеңімпаздары: І орын - Карашинов Батырхан - №10 жалпы білім беретін мектептің тарих және география мұғалімі; ІІ орын - Төлеуханова Арайлым - М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі; ІІІ орын - Муханбетжанова Жазриа - Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары, Байбосынова Толғанай - Ш.Уәлиханова атындағы №1 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Байқау жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар тапсырылды.
{gallery}000i/-10{/gallery}