«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
«ТІЛ ТҰҒЫРЫ – ҰЛТ ҒҰМЫРЫ»

«ТІЛ ТҰҒЫРЫ – ҰЛТ ҒҰМЫРЫ»

 

Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығында жыл сайынғы дәстүр бойынша қазақ тілі мен ағылшын тілі курстарының тыңдаушыларына сертификат тапсыру рәсімі өтті. «Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры» деген атаумен қалалық мәдениет сарайында болған іс-шара барысында қала көлемінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге ат салысып жүрген жеке тұлғалар мен ұжымдарға арнайы алғыс хаттар мен мадақтамалар тапсырылды. Атап айтсақ, Арқалық қаласындағы тіл жанашырлары Мұрат Жүнісұлы, Азатхан Ғафурұлы, Карбозов Алмас Қалтайұлы, Абдуллина Ардақ Әмірханқызы, Анапин Елтай Хәкімұлы, Алматова Сандуғаш Орекенқызы, Нұрымова Ұлболсын Ибрайқызына, республикалық «Мен қазақша сөйлеймін» акциясының қатысушылары Рупичев Рустам Жанабаевич, Самотина Любовь Владимировна, Расулова Тарана Севдияровна және Ирина Гиркоға алғыс хаттар беріліп, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

 

Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығының 2020-2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуде тіл үйрету курстарына белсене қатысқаны үшін Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Фурманов жалпы білім беретін мектебі, Восточный жалпы білім беретін мектебі, Родина жалпы орта білім беретін мектебі, Аңғар негізгі орта мектебі, Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі, М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі және А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия ұжымдарына мадақтама берілді.
Салтанатты түрде өткен сертификат тапсыру рәсімінде тілдерді оқыту орталығында білім алған 346 тыңдаушыға, оның ішінде 270 адамға мемлекеттік тілді оқыту бағдарламасы бойынша С1жоғары деңгей курсын, 76 адамға ағылшын тілінің «Pre-Intermediate»А2 деңгейі бойынша оқыту курсын тәмәмдағанын айғақтайтын сертификат тапсырылды.

 

Іс-шара барысында орталық тыңдаушылары мен қала өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салып, келген қонақтар ризашылықпен қайтты.

{gallery}/-/-/5{/gallery}