«Арқалық қаласы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ жаңа оқу жылын бастап кетті. Оқыту курсы мемлекеттік тілді және ағылшын тілдерін оқытады. Оқыту курсының мерзімі 1 жыл 10 айды қамтиды.
Ағылшын тілінің A1 «Вeginner», A2 «Еlementary» (бастауыш және жалғастырушы) деңгейі бойынша 6 топта 154 тыңдаушы білім алады.
Мемлекеттік тілде оқыту С1, В2 деңгейі бойынша 11 топта 280 тыңдаушы білім алады. Тыңдаушылардың басым көпшілігі ересектерді қамтыған және 18 ден жоғары жастағы студенттер де бар. Жалпы контингент саны 434 құрайды.
Тыңдаушылар аралас форматта білім алады. Барлығы жұмыс жасайтын болғандықтан оқу кестесі ыңғайлы графикпен жасалған.
{gallery}-5{/gallery}