Клубтың мақсаты: «Мемлекеттік тілді білетін әрбір азамат өзінің білімін қазақ тілін үйренгісі келетін достарымен, әріптестерімен, таныстарымен бөліссін. Бұл игі бастама, әрине, біздің өзара құрметімізді көрсетіп, бірлікті нығайтады» - деп Президентіміз атап өткендей, еркін форматта өзара тілдесу арқылы қазақ тілін тез, әрі оңай үйрену, жағымды атмосфера қалыптастыру.
Аталған іс-шарада Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Садуақасова Айжан Жусанқызы құттықтау сөз сөйлеп, клуб жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар іс шараға клуб мүшелері, тіл жанашырлары мен жергілікті БАҚ өкілдері, тілдерді дамыту бөлімі мен орталық қызметкерлері қатысты.
{gallery}-4/1{/gallery}