2 наурыз күні көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып жеткен 8 наурыз Халақаралық әйелдер күні мерекесіне орай, Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы,Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжімен бірлесе отырып, орталық тыңдаушылары мен жоғарғы курс студенттеріне және жас отбасыларына арналған «Әлемде ана біреу» атты кездесу кеші өтті.
Кездесу кешіне келген қонақтар орталық тыңдаушылары «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Арқалық арнайы мектеп-интернатының» ұлағатты ұстаздары, математик - Абдіғасым Мейрамгүл Хамитқызы, педагог-дефектолог Ерназарова Мариям Сагындыковна және педагог-психолог Нағашыбай Жанайым Қасқырбайқызы қойылған сауалдарға жауап беріп, талқылап, салиқалы ақылдарын, тұщымды ойларын ортаға салды, жастармен еркін сырласып, диалог алаңын құрды. Көрермен мен қонақтар арасында қызықты ойындар ойнатылып, ән мен күй орындалып мерекелік кеш қызықты өтті. Кеш соңында «Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ директордың м.а. Оразова Гүлхашима Куандыковна қорытынды сөз айтып, қонақтарға алғыс білдірді, орталықтың және колледж студенттерінің әзірлеген естелік сыйлықтарын табыстады.
{gallery}/-/-1{/gallery}