Наурыз мерекесі қарсаңында орталық тыңдаушыларына арналған «Наурыз тілек» акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Шараны «СөйлеТime» клубының белсенді мүшелері ұйымдастырды. Акцияның басты мақсаты: Орталық тыңдаушыларының ұлттық мерекемізге деген ықыласын арттыру. Мерекелік атмосфераны сезіндіріп, көтеріңкі көңіл күй сыйлау. «Наурыз тілек»дәстүрінің тағылымдық мәнін түсіндіру. Шараға тыңдаушылар белсене қатысты. Наурыз тілек сұрау барысында барлық тілек білдірушілерге наурыз көже ұсынылып, ақ бауырсақтар таратылды. Бұл шара барлық қатысушыларды ерекше әсер қалдырды. Шараның басты маңыздылығы ұлттық дәстүрімізді жаңғырту болып табылады.
«Наурыз тілек» акциясы ұйымдастырылып өткізілді