«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
Орталық тыңдаушыларымен ағылшын тілі курсы бойынша А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына "A.Baitursynov is an innovator of the nation" тақырыбында эссе жазды

Тіл мәселесі қашан да мемлекет үшін өзекті мәселе болып қала береді. Өйткені «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ»-екенін білсек, қазақ тілі мәселесіне келгенде Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі орасан.   Байтұрсынов Торғайдағы Сарытүбек елді мекенінің тумасы. Бүгінгі күнге дейін Торғай елі Ахметпен мақтанады. Ахметтің бойындағы  ұлтымыз бен тілімізге деген жанашырлық биыл міне 150 жыл өтті әле «Бір қазақтың бойына дарымаған ба?» деп кейде қайран қаламын. Заманының қиындығына қарамастан қан тамып тұрған, саясаттың қызыл қылышынан қаймықпастан ұлт мәселесін, тіл мәселесін көтерді. Ештеңеден қаймықпайтын қайсарлығы мен өр мінезі, табандылығы мен ұлтттық рухына еріксіз риза боласың.  Қазақ әліпбиінің негізін қалаған Ұлт Ұстазының биыл 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде кең ауқымды аталып жатқандығы көңілге медеу. Қазақ ұлты үшін  басын бәйгеге тіккен тарихи тұлғаның қазақ тіліне ұлтына сіңірген еңбегін кейінгі ұрпақ біліп насихаттап жүрсе екен деген мақсатпен  орталық тыңдаушыларымен ағылшын тілі курсы бойынша А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына "A.Baitursynov is an innovator of the nation" тақырыбында эссе жазды.

Шараның басты мақсаты: Тыңдаушылардың А.Байтұрсынов туралы мәліметті ағылшын тілінде баяндай алуға баулу. А.Байтұрсыновтың қазақ ұлты үшін сіңірген еңбегін бағалай білуге тарту.

Бұл шаралардың барлығы да ұрпағы үшін бастарын бәйгеге тігіп, халқы үшін қызмет етудің ерен үлгісін көрсетіп кеткен жандарға деген құрметіміздің көрінісі болмақ. Осы арқылы кейінгі жас ұрпақ тарихын танып, асыл азаматтарымыздың өмірінен тәлім мен тағылым алса, мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз.

{gallery}/-/-4{/gallery}