Кеше 04.04.2022 ж Арқалық қалалық «Арқа дидары» теле арнасынын біздің орталық қызметін қала тұрғындарына таныстыруға арналған «Сауал сағаты» телебағдарламасы тікелей эфирге шықтық.
Эфирдің басты мақсаты: Көрерменге қалалық тілдерді оқыту орталығының жұмыс барысы мен алдағы даму жоспарымен, мүмкіндіктері мен тиімділігін таныстыру.
Тікелей эфирді телеарна жүргізушілері Витали Саяпин және Жанерке Балғабекқызы жүргізді.
Аталмыш тікелей эфирдің біздің орталыққа арналғанына біз шын жүректен қуаныштымыз. Өйткені қала тұрғындары қаламыздағы әрбір мекеме, бөлім, орталық қызметтерінен толық құлағдар болып отыруы керек. Ал біздер үшін үлкен мүмкіндік, өз жұмысымызды қала жұртшылығына насихаттаудың ең тиімді жолы телевизиялық бағдарлама мүмкіндігі.
Тікелей эфир инстаграмм әлеуметтік желісінде қатар шығарылды. Тікелей эфир болған соң көрермендер студияға хабарласып, сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды. Өзденін ойландырған, білгісі келген түйткілді мәселелер туралы сұрақтарын қойды?
Қойылған сұрақтардың басым көпшілігі орталықтың жұмыс құрылымы жайлы және мемлекеттік тіл саясатының қаншалықты деңгейде жүзеге асырылып жатқандығы мен жұмыстардың жүзеге асырылу барысындағы қиындықтар мен қол жеткен жетістіктер баяндалды.
Келіп түскен сұрақтар қатарында, биылғы жыл Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына араналған іс шаралар жоспарымен таныстыру сұралды.
Сондай ақ, этносаралық қатынасты нығайту мен ұлты қазақ емес қала тұрғындарына мемлекеттік тілді оқыту жүйесі туралы, оқыту курстарына жазылу және оқыту жүйесі қалай жолға қойлығандығы баяндалды.
Барлық сұрақтар орталықтың атқаратын қызметі мен өзіне тиесілі құзіреттіліктерін толық ашуға мүмкіндік берді. Эфир соңында көрермендерге мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көретуді ведмствалық, мемлекеттік мекемелердің мойнына артып, қоймай әр адам өзінен бастау керектігі мегзелген бейне роликті тамашалау ұсынылды. Бейне роликтен әрбір көрермен мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мәселесі әле күнге дейін күн тәртібінен түспей келе жатқан өзекті мәселе екенін түсне келе, әркім ұлтқа, тілге үлес қосуды өзінен бастау керек екендігін түсінді. Әрбір адам қазақша қойған сұрағына қазақ тілінде жауап алуға құқылы. Сауал сағаты қала тұрғындары үшін ақпараттық қызмет көрсетті, ал, орталық қызметі үшін жаңа серпін беруде маңызды роль атқарды деп білеміз.