«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
«Үздік подкаст» республикалық онлайн байқауын қатысу

«Үздік подкаст» республикалық онлайн байқауын қатысу

«Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ ұйымдастыруымен жарияланған «Үздік подкаст» республикалық онлайн байқауын Біздің орталықтың ұлты қазақ емес өкілдер арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында жұмыс жасайтын «Сөйле-Time» клубының мүшесі Васецкая Любовь қатысуға ниет білдірді.

Байқауды өткізудің негізгі мақсаты - мемлекеттік тілде үздік подкаст әзірлеген тіл үйренушілерді анықтау және олардың жетістіктерін насихаттау арқылы Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді қолданудың аясын кеңейту, азаматтарды мемлекеттік тілде сөйлеуге ынталандыру, қазақ тіліндегі контенттің сапасы мен санын арттыру.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

  1. үздік бейнемотиватор;
  2. шешендік шеберлік;
  3. үздік креативті бейнеролик;
  4. үздік шығармашыл бейнеролик;
  5. көрермендердің ерекше ықыласы.

Байқау талаптарына  сәйкес 

1) әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени, экономикалық, ғылыми-кәсіби тақырыптар аясында 5 минуттан аспайтын бейнеролик;    

2) бейнероликте тіл үйренуші қазақ тілінен дағдыларын көрсету керек;

3) бейнероликте қатысушы өзін қызықтыратын және соған  қабілеті бар белгілі бір  іскерлік дағдысын көрсетеді,  қазақ тілінде түсінікті деңгейде жеткізілген бейне материал байқауға жол тартты.

Біз өз тыңдаушымыз Васецкая Любовьтың жұмысына жеңіс тілейміз. Байқау қорытындысы 2022 жылдың 29 сәуірінде жариялайды.