«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ |
![]() |
КГУ «Городской центр обучения языкаморталығы» акимата города Аркалыка» |
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру барысында, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында бүгін «Аманат» партиясымен бірлескен, қала дәріханалары мен коммуналдық қызметтерге төлем жасайтын кассаларда, тұтынушыларды мемлекеттік тілде сөйлеуге тартуға арналған жарнамалық, ақпараттық үнпарақтар ілінді.
Үнпарақ мақсаты: барша қала тұрғындарын мемлекеттік тілде сөйлеуге тарту және тілдік кедергілерден өтуге, орталықтың көмек қызметін ұсыну. Әр адам өзінің мемлекеттік тілде қойған сұрағына, жауапты, мемлекеттік тілде алуы керек. Өткізілген шара әрбір қала тұрғынының мемлекеттік тілге деген құрметін арттырады деп сенеміз.
Үнпарақ мәтіні төмендегідей:
Құрметті тұтынушы!!!
Төлем жасауды мемлекеттік тілде жүргізу қиындық туғызады ма?
Онда 8-714-30-7-02-12 байланыс телефоны арқылы бізге хабарласыңыз!
Біз сізге мемлекеттік тілде сөйлеудегі тілдік кедергілерді жоюға көмектесеміз.
Ескерту: Байланыс 9:00 – 18:00 аралығында қызмет көрсетеді.
Сізге деген құрметпен!
«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
{gallery}-8{/gallery}