Сіздердің қолдарыңызға біздің орталықтың ұсынған «Тіл-Қазына» танымдық газетінің тұңғыш шығарылымы тиіп отыр. Игі бастамамыздың оқырмандарманы көп болып, сіздердің тараптарыңыздан қолдау табады деп сенеміз.
Бетті шығарудағы басты мақсат: мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруде орталықтың жасап жатқан жұмыстарымен бөлісе отырып, тіл жанашырларының басын қосу арқылы, ұлттық мүддеге қызмет ету.
Газет бетінен сіздер «Сөзтаным» айдары арқылы сөздердің дұрыс жазылуымен таныстырсақ, «Жаңаша жазамыз» айдарынан латын графикасының жетілдірілген әліпбиімен жазуды үйренеміз. Ал «Сөйле Тime» айдарынан ұлты қазақ емес тыңдаушыларымызға арналған Сөйле Тime» клубының жұмысымен танысып, клуб мүшелерінің мемлекеттік тілді игерудегі жетістіктерімен бөлісетін боламыз.
Біздің жасаған әр ісімізге баға беруші бас төреші өздеріңізсіздер.
Сіздердей оқырманымыз барда, әлі талай жобаларды жасап, көкейімізде тұрған көп жұмыстарды жүргізуге қуат табарымыз анық.
Бір мақсатқа жұмыла отырып, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруге бірге қол жеткізейік!!!
Ізгі ниетпен,
«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығының директорының міндетін атқарушы Гулхашима Оразова Куандыковна.