«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
Мемлекеттік тіл мәртебесі – ұлт мәртебесі

«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы»  КММ ұйымдастыруымен  2022 жылғы 20 мамыр күні  А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясындағы іс-шаралар шеңберінде «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҮЙРЕТУ: тәжірибе, әдіс, инновация» өңірлік семинары өтті.

Өңірлік семинар мақсаты: Тіл мамандарының өзара мемлекеттік тілді үйретудегі жаңаша әдіс тәсілдермен тәжірибе алмасу, әдістемелік қолдау көрсету.

Семинар  Н.Құлжанова атындағы торғай гуманитарлық колледжі мәжіліс залында өткізілді.

Шараның модераторы: Гүлхашима Қуандыққызы Оразова – «Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы»  КММ директорының міндетін атқарушы

Шара спикерлері :

Айбек Киікбайұлы Қалиев – «Халықаралық «ҚАЗАҚ ТІЛІ» қоғамы» ҚБ  Арқалық қалалық филиалының төрағасы

 

Ардақ Амирхановна Абдуллина – «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КЕАҚ доценті, аға оқытушы, магистр

Жұмағазы Алма Жұмабайқызы - «Жанкелді ауданы әкімдігінің «Аудандық тілдерді оқыту орталығы» КММ қазақ тілі курсының оқытушысы

Жұлдыз Иса – Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ оқытушысы

Коныршина Ерсин Сериковна  - «Арқалық қаласы білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясы» КММ,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

 

Семинарды Арқалық қаласы әкімінің орынбасары – Түбекбай Ғапсалықұлы  Әубәкіров семинар қатысушыларын құттықтау сөзімен ашып берді.

Өңірлік семитнар аралас форматта өткізілді. Шараға офлайн 50 адам, ZOOM  платформасында 80, барлығы 130 адам қамтылды.

 Өңірлік семинар бағдарламасы  ІІІ кезең бойынша өткізілді. Кіріспе кезеңінде құттықтаулар  және «Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруде  Халықаралық «ҚАЗАҚ ТІЛІ» қоғамының мүмкіндіктері мен тиімділігі» тақырыбында жарыс сөз өткізілді.                          

 

ІІ кезең 

 «Адамзаттың сөйлеу тілі – лингвистиканың зерттеу нысаны» тақырыбындағы баяндаманы қамтыса.                           

 

ІІІ кезең   ТӘЖІРИБЕ алмасу кезеңі

 «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» Бейнешолу сабағы,                        

 

«Практикалық жаттығулардағы тапсырмаларға әдістемелік түсініктеме»панарамалық сабақ,                          

«Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуда цифрлық ресурстардың тиімділігі» шеберлік сыныптары өткізілді.

 Қорытынды кезеңде семинар жұмысына кері байланыс жасалып,

шараға офлайн қатысқан 40 тыңдаушыға орталықтың сертификаттары табысталды. Спикерлерге Алғыс хаттар берілді. Барлық офлайн қатысушыларға (блакнот, қалам, жұмыс дәптері, бағдарлама  салынған) үлестірме қағаздары таратылды.

Шараға қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, қазақ тілін оқытудағы жаңалықтармен бөлісті. Әдістемелік қолдау алып, семинардан алған әсерлерімен бөлісті. Семинар барлық қатысушылардың алдағы бастамаларына жаңа серпін береді деп сенеміз.

 

{gallery}-/-8{/gallery}