2022 жылдың 30 мамыр -1 маусым күндері Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Оқытудың мазмұны: тілдік дағдылар және инновациялық стратегиялар» атты 2 күндік семинар өткізілді. Аталмыш шараға «Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ оқытушылары оффлайн және онлайн форматта қатысты. Семинардың басты мақсаты: екінші тілді оқытуда оқытушылардың оқу және оқыту үдерісіндегі кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.
Міндеттері:
- Тілдік дағдылардың ерекшеліктеріне сәйкес оқыту;
- Стратегиялардың білім сапасын арттырудағы маңыздылығын анықтау;
- Оқыту үдерісінде инновациялық стратегияларды қолдана алу.
Қатысушылар: тілдерді оқыту орталығының директорлары, әдіскерлер, оқытушылар
Семинар бағдарламасында
«Қазақ тілін оқытудың ерекшеліктері», «Тілдік дағдылармен жұмыс»,
«Өзге тілді ортада қазақ тілін үйретудің инновациялық стратегиялары»,
«Мемлекеттік тілді оқытудағы әдістемелік құралдар»,
«Мәтінмен жұмыс жасау жолдары» тақырыптары қамтылды.
Семинар спикерлері:
Жусупова Галия Сапарбековна – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі
Сергазина Зейнегуль Джумадиловна - «Қостанай қаласы білім бөлімінің №18 мектеп-гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ахметкалиева Алия Мирашовна - Лисаков қаласын білім бөлімінің №3 ЖББМ мектеп директоры
Жусупова Галия Сапарбековна – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі
Семинар жұмысында тіл оқыту мамандары әлемдік тіл оқыту іс тәжірибемен бөлісті. Әр оқытушы өздерінің іс - тәжірибе қоржындарын жаңа әдіс - тәсілдермен толықтырды.
Тіл оқытудағы тиімді жаңа әдіс—тәсілдерін меңгерген тіл оқыту орталығы оқытушыларының кәсіби біліктіліктерін арттырғанын дәлелдейтін қатысушы сертификаттары табысталды.
{gallery}/photo/arkalyk{/gallery}