«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
Онлайн танымдық сабақ

Ағартушы  қоғам және мелекет қайраткері, ақын, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай қазақ тілі тыңдаушыларымен  «Ахмет Байтұрсынұлы –Ұлт ұстазы» атты онлайн танымдық сабақ өтті. Онлайн сабақты қалалық тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі курс оқытушысы Нугыманов Жанкелді Ибрашұлы өткізді.

 

Танымдық сабақтың басты мақсаты: Тыңдаушылардың А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат алмасу, қоғам қайраткері туралы түсінік, танымын  кеңейту.

Сабақта Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянына, шығармашылығына  шолу жасалып, алаш қозғалысындағы қайраткердің атқарған қызметі туралы бейне роликтер көрсетілді.  Сабақ барысында тыңдаушылар алған және білетін ақпараттарын ортаға салып, талқылады, білгендерімен бөлісті, тың ақпараттармен танысты . Ұлт ұстазының ағарту жолындағы елімізге сіңірген еңбектерімен бөлісті. Сабақ соңында, өткізілген сабақ барысындағы материалдар бойынша сұрақ - жауап сауалнамасы жүргізілді.  Кері байланыс ретінде тыңдаушылардың пікір –лебіздері тыңдалып, алған әсерлерімен бөлісті. Сабақ барысында белсенділік танытқан тыңдаушыларға алғыс жарияланды. 

{gallery}/-/-9{/gallery}