«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
«Тіл шебері» байқау өтті

Қалалық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен 27 шілде күні А.Байтұсынұлының 150 ж. мерейтойына орай үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» байқауы өтті.

Аталған шараға қала оқу орындарының 21-35 жас аралығындағы мұғалім, оқытушылары бақтарын сынап,  мемлекеттік тілмен қоса орыс, ағылшын тілдерін меңгеру деңгейлерін сынға салды.

«Тіл шебері» байқауы 3 кезеңнен тұрды. І кезеңде қатысушыларымыз «Ұлы ұстаз – А.Байтұрсынұлы» тақырыбында қазақ тілінде эссе жазған болатын. Қазылар алқасы эссе жұмыстарын 1 күн бұрын тексеріп, тілдің ерекшелігіне, мазмұнына, сауаттылығына сәйкес бағалаларын берді. ІІ кезеңде қатысушылар экранда берілген қазақша мәтінге орыс тілінде ілеспе аударма жасады. Ал ІІІ кезеңде қатысушылар экраннан көрсетілген сурет, бейнематериалдың мазмұнын ағылшын тілінде аша білді.

Барлығы 5 қатысушының ішінен оза шапқан Ы.Алтынсаин атындағы гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Боранбаева Ақбике Бердібекқызы  І орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. 2, 3-ші орындар №10 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімдері Дюзкенова Гүлмира, Түгел Айдана иеленіп, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға орталықтың алғысхаты мен естелік сыйлықтар табысталды.

 

{gallery}/-9/2{/gallery}