Ағымдағы жылдың 5 тамызы күні «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы жыл сайынғы дәстүрлі түрде мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» байқауының облыстық деңгейін ұйымдастырып өткізді. Аталмыш шара биыл А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналды.
Аталған шараға облыстың 12 аймағынан атап айтар болсақ Аманкелді, Алтынсарин, Мендіқара,Қарасу,Лисаковск, Рудный тағыда басқа аудандардан мемлекеттік қызметшілер қатысып, өз бақтарын сынады. Байқауға Арқалық қаласынан, алдын ала осы байқаудың қалалық деңгейінен жеңімпаз атанған «Болашақ» командасы қатысты. Команда топбасшысы Шоқпатов Азатхан Гафурович, топ мүшелері Бозторина Жанат Қалуқызы, Карин Мереке Жұмабекұлы Арқалық қаласының намысын қорғады.
- Байқаудың мақсаты: «Ұлттық жаңғыру» ұлттық жобасы аясында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып,өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру , ұлттық сана сезімін,туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру;
- мемлкеттік қызметшілердің арасында мемлкеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту;
- мемлкеттік қызметшілердің өзін – өзі шығармашылық тұрғыдан дамытуы мен кәсіби өсуі үшін моральдық ынталандыру.
«Мемлекетік тіл – мемлекеттік қызметте» байқауы 4 кезең бойынша өткізілді. I кезең «Тұсаукесер» Қатысушы командалар өздерінің команда атауы мен ұранын таныстырып,байқауға қатысудағы мақсат – міндеттерін екі минуттан көп емес уақытта айтып берді.
II кезең «Жер – судың аты – тарихтың хаты» команда копитандарының сайысы. Бұл кезеңде экранда ұсынылған суреттер бойынша елмізде танымал мекеннің, сәулет құрылысының және тарихи тұлғаның қысқаша сипаттамасын берді.
III кезең «Кониститутцияны білесіз бе?» топтық сайыс. Мұнда команда мүшелері Кониституция туралы экранда көрсетілген сұрақтарға жауап берді.
IV кезең Үй жұмысы: Шығармашылық сайыс. «Қазақшаңыз қалай?» Мұнда командаларға өзекті тақырыпқа өлең оқу,ән орындау немесе көрініс (қойылым) көрсету ұсынылды.
Барлық командалар өз деңгейінде дайындықпен келген. Біздің команда Сәлемдесудегі таныстыру қойылымын, өлең жолдарына ілесе, топ мүшелерінің орын ауыстыру қойылымдары тартымды болды және үй тапсырмасына дайындап әкелінген Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық жолындағы қысқаша спектакль көрермен көңілінен жол таба білді.Шағын спектакль қойылымдағы пайдаланылған реквизиттер мен кейіпкер киімі үлкен талғамға сай тартымды болғанын қазылар алқасы қорытындыда тоқтала айтты. Байқаудың екінші үшінші кезеңдеріндегі сұрақ жауап байқауынан да біздің команда мүдірмеді. Байқау нәтижесінде топ жарып ең жоғарғы ұпайды иеленген командамыз толығымен байқау жеңімпазы атауына толық лайықты деп танылды. Әрбір орталық үшін жасаған жұмысының жемісін көру үлкен мәртебе. Біздің жұмысымызға берілген әрбір әділ баға біздің ертеңгі атқаратын бастамаларымызға ерекше ірі серпін беретіні сөзсіз. Байқауға төрелік жасап әділ қазылар алқасы: ЖҮРСІНАЛИНА Гүлжанат Құрмашқызы - А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Тілдерді даярлау орталығының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты;
АЛШЫМОВА Эльмира Ергешқызы - Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының орынбасары , өлкетанушы;
ОСПАНОВ Марғұлан Бақытбекұлы - Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайының директоры;
БАЖИРОВА Аида Сағитқызы - Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бас маманы, «Үздік мемлекеттік қызметші 2022» республикалық байқауының жеңімпазы,
ШҮКЕНОВА Динара Хабиболлақызы - Қостанай облысы әкімі аппараты персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің бас маманы .
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін аталмыш шара мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеретін бірден бір құрал ретінде ғұмыры ұзақ болсын дегіміз келеді.
{gallery}000i/-15{/gallery}