СҮЙІНШІ !!!!
Арқалық қалалық тілдерді оқыту орталығының марапат қоржыны тағы да 1 - 3 орын жүлдесімен толықты. Кеше ғана 17 тамыз күні облыс орталығы Қостанай қаласындағы «Жастар сарайында» "Ахмет Байтұрсынұлының тіл мұрасы" үздік мақала облыстық байқауының қорытындысы жарияланып, салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді.
Марапаттау салтанатында байқау жеңімпаздары «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ басшысы Ерлан Қалмақовтың өз қолына марапат алу құрметіне ие болды.
Байқауды ұйымдастырушылар: 1"Тілдарын" облыстық тілдерді оқыту орталығы
Байқаудың мақсаты: ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын БАҚ арқылы зерттеу және насихаттау.
Байқау ережесі бойынша Ахмет Байтұрсынұлының өміріне, қызметіне, мұрасына арналған ағымдағы жылы қалалық, аудандық және облыстық баспасөз беттерінде, БАҚ-та жарияланған мақалалар ұсынылды.
Жұмысты бағалау кезінде тақырыптың мазмұнына, идеясына, құрылымына, көркемдігіне және жан-жақты ашылуына назар аударылды.
Арқалық қалалық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен осы байқаудың қалалық деңгейі яғни іріктеу кезеңі өткізіліп, үздік деп танылған 5 жұмыс облысқа жіберілді. Нәтижесінде Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының аға оқытушысы Абдулина Ардақ Әмірханқызының мақаласы жүлделі 1 орынға лайық деп танылды. Сондай ақ, жүлделі 3 орын да Арқалық қаласының еншісіне «Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебеп ғылыми кітапханасы» КММ қызметкері Жақия Гулназ үздік мақаласымен алып берді. Жаңімпаздардың барлығы «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ басшысының Алғыс хаттары мен жүлдегер дипломы және қаржылай сыйлықтарға ие болды
Біз жеңімпаздарымызды құттықтаймыз. Ұшқыр қаламдарыңыздан әле талай тағылымды туындылар күтеміз!!!
{gallery}/-10/1{/gallery}