Кеше 17 тамыз күні «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен үш тілді меңгерген жастар арасындағы «Тіл шебері» облыстық байқауыҚостанай қаласында «Жастар сарайында» болып өтті.
Байқауға облыс бойынша 14 өңірден талапты жастар қатысты. Арқалық қаласының намысын Ы.Алтынсарин атындағы гимназия мұғалімі Боранбаева Ақбике қорғады. Ақбике осы байқаудың қалалық кезеңінен оза шығып жүлдегер атанып, облыстық байқауға жолдама алған жеңімпазымыз.
Байқау жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі үштілділікті енгізуді ынталандыруға бағытталған.
Байқаудың мақсаты:
- үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын тілдерін) меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау;
- қазақстандық патриотизмді нығайту, тілдік мәдениетті тәрбиелеу, өзге халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыру;
- үштілділікті насихаттау.Байқау қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті. Байқауға 21-35 жас аралығындағы қатысуға ниет білдірген жастар өңір тілдерді оқыту орталықтары атынан қатысты.
- Сайыскерлер байқау ережесіне сәйкес, сайыс барысында тапсырылған тақырып бойынша қазақ тілінде эссе жазды. (берілген тақырыпқа сәйкес кілт сөздер тізімі, сөз тіркестері, тақырыпқа сәйкес мақал-мәтелдер мен сөйлемдерді қолдану міндеттеледі).
- мәтінге ілеспе аударма жасады (орыс тілінде);
- экранда көрсетілген мәтін, картина немесе видеоның мазмұнын толық ашу (ағылшын тілінде) бойынша сынқтардан өтті.
Байқау барысындағы барлық сынақтардан сүріндей өткен біздің қатысушымыз Ақбике жүлделі 2 орынды қанжығалады.
Байқау жеңімпаздары «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ басшысының Алғыс хаттары мен жүлдегер дипломы және қаржылай сыйлықтарға ие болды
Біз Ақбикені құттықтаймыз! Жарайсың Ақбике қала намысын қорғауда ерік жігерің үстем болсын, жүйріктердің үнемі алды болуыңа тілектеспіз!!!
{gallery}/-9/3{/gallery}