2022 жылдың 17 тамызындағы маңызды шаралардың бірі, Халқаралық қазақ тілі қоғамының, Қостанай облыстық филиалының алқа отырысы болып өтті.
Алқа отырысына облыстық филиал құрылтайшыларымен бірге облыстың 16 өңірінен тіл жанашырлары мен тілдерді оқыту орталық қызметкерлері қатысты. Отырыс ZOOM платформасында онлайн режимде өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
1 мәселе жыл басынан қозғалған даулы мәселенің бірі қазақ ата аналардың балаларын орыс мектебіне беруіне жол бермеу. Бұл біздің ұлттығымызға сын. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесіне кереғар әрекет екенін моралдық тұрғыда дәлелдеу.
2 мәселе Халқаралық қазақ тілі қоғамының Қостанай облыстық филиалы құылтайшыларының жаңа құрамын бекіту.
Алқа отырысында қоғамдық бірлестік филиалының төрағасы Заңғар Санай жүргізіп филиалдың аз уақыттта атқарған жұмыстарымен таныстырды. Алға қойған мақсаттарымен бөлісе отырып ұйым жұмысын ширату керектігін баса баяндады. Атқарылған жұмыстар барысында Қостанайдағы көптеген құзырлы мекемелермен әріптестік меморандумдарына қол қойылып ортақ жұмыс атқарылған. Тіл мүддесі жолында қызметтес болуға ниет білдірген ұйым басшыларының қатары көбейіп келе жатқандығы көңіл қуантады. Алқа отырысы соңында қатысушылар тарпынан ұсыныс-пікірлер ортаға салынып, алға қойылған мақсат-міндеттер пысықталды. Алқа жиыны аясында журналист, ақын, тіл жанашыры Аслан Қанғожин облыстық филиал төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Сондай-ақ, руханият саласында еңбектеніп жүрген бірқатар белсенді азамат ұйым мүшелігіне қабылданды. Ақпарат мына сайттан алынды: http://www.kostanaytany.kz
Осы орайда айтарымыз биыл ғана облысымызда қолға алынып 5 аймақтан ашылған Халықаралық қазақ тілі қоғамының филиалдары өз жұмысын белсенді түрде бастап кетті. Заңды тіркеуден өткен қазақ тілі қоғамы филиалдарының алға қойған мақсаты биік, жүгі ауыр десек те болады. Өйткені тіл мен дін мәселесі қашан да ыждағаттылықты талап етеді. Бұл саясатты үстемдікпен жүзеге асыру мүмкін емес, сондықтан да біз осы түйткілді мәселеде жүрген жандарға қашан да қоғам болып қолғабысымызды аямауымыз керек.
{gallery}-11{/gallery}