25 қазан Қазақстан республикасы күніне орай және қала күні қарсаңында қаламыздың БАҚ өкілдері және «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» мүшелерімен тақырыбында отырыс өтті. Іс шараның мақсаты: қазақ, ағылшын тілі курстарының тыңдаушыларына мемлекеттік мереке Республика күнінің маңызын түсіндіру, оны ұлттық құндылық ретінде қалыптастыру. Өз елімізді, Отанымызды сүймек бұрын өз қаламыздың, өз өңіріміздің тарихын білген абзал. Осы орайда алғашқы сөз кезегін Арқалық қаласындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мекемесінің әдіскері Исабекова Лаззат Баяхметқызы сөз алып, қаламыздың тарихына тоқталды. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, доцент Абдуллина Ардақ Әмірханқызы еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихи кезеңдерге кеңінен тоқталып, "Көне түркі жазбаларындағы мемлекет тұтастығы туралы ойлар" атты баяндамасын оқып, тыңдаушылар қошеметіне бөленді. Арқалық қаласы білім бөлімінің әдіскер маманы Арынбекова Гулжазира Халыбекқызы қаламыздың білімпаз, өнерлі жастарының жетістіктерін көпке үлгі ете отырып, ел болашағы жастар екенін сеніммен айтты. Отырыс соңында қорытынды сөз алған орталық директорының міндетін атқарушы Смагулова Жазира Қабдоллақызы жиналған қонақтарға «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мақсат, міндеттері жайлы айтып, қазақ тілін насихаттау, мәртебесін көтеру баршамызға ортақ іс екенін атап өтті. Шара соңында баяндама жасаған спикерлерге орталық атынан АЛҒЫСХАТТАР мен естелік кітаптар мен блокноттар табысталды.
{gallery}/--{/gallery}