Мерекелік шараға қала ауыл мектептері мен балабақша меңгерушілері, «Атамекен» кәсіпкерлікті қолдау палатасының Арқалық қалалық филиалының өкілдері мен БАҚ қызметкерлері шақырылды. Шараға 16 серіктес 60 студент 25 оқытушы тартылды.
Бағдарлама 1 қабаттан волонтерлер тобының ұрансөздерімен қонақтарды қарсы алудан басталды,қонақтарды тіркеу бөліміне бағытталды. Тіркеу бөлімінде қонақтарға, (бейджик, шара бағдарламасы, қойын дәптер, қаламсап, «Жұмыс беруші күні» іс шарасын өткізу тұжырымдамасы) жинақталған папкалары берілді.
Әлеуметтік серіктестермен колледж оқу корпусына экскурсия жасалды Экскурсия барысында колледж мүмкіндіктері көрсетілді, ұлт аспаптар оркестрінің дайындығы барысымен танысты. Шара мәжіліс залындағы жоғарғы курс студенттерімен «Ашық диалогтік алаң» жұмысына ұласты. Диалог алаңында білімалушылар тәжірибе алаңындағы өздеріне жасалған жағдаймен бөлісіп, жұмыс берушілерге ризашылығын білдірді. Өздерінің ұсыныстарын жолдап, талап ниеттерімен бөлісті.
Әлеуметтік серіктестерге әріптестік байланысты дамытатын «Іскерлік ойындар» ұсынылып, тренингтік жаттығулар өткізілді. Қонақтар шараға қызығушылықпен қатысты. Шара мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Концерттік бағдарлама соңында марапаттау рәсімі жүргізілді, әлеуметтік серіктесіміз «Раушан» бөбекжайы меңгерушісі Нуралина Майра Сериковнаға және Амангелді ауданынының білім бөлімінің кадр бөлімінің сектор меңгерушісі Кажетова Алуа Сабденовнаға министрліктің ағыс хаты, Мырзакеримова Ақгүлім Нуритдиновнаға және Сарымсакова Айсауле Баймұратовнаға Қостанай облысы білім басқармасының марапаттары тапсырылды. «Жұмыс беруші күні» мерекесіне қатысқан барлық қонақтарға колледж директорының алғыс хаттары үлестірілді. Шараның 1 бөлімі әлеуметтік серіктестермен «Дуалдық оқыту» бойынша екі жақты меморандумға қол қою рәсімімен тәмәмдалды.
Бағдарламаның екінші бөлімі колледж жатақхана ғимаратында жалғасып, студенттер үйіне экскурсия жасалды. Шараның қорытындысы ретінде қонақтарға ақ дастархан жайылып «Кофе брейк» ұйымдастырылды. Дәм барысында қонақтарымыз өз лебіздерімен бөлісіп, ізгі ниеттерімен бөлісті.
«Жұмыс беруші күні» бағдарламасы әлеуметтік серіктестерімізбен қызметтік байланысты, маңызды етуге жаңа серпін берді.
{gallery}55/1{/gallery}