«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
Жетілдірілген әліпби

20 қыркүйек күні орталық әдіскері Ж.Смагулова Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының студенттерімен «Жетілдірілген әліпби» тақырыбында дәріс өтті. Дәрісте қазақ жазу тарихы, жетілдірілген әліпбидегі диакритикалық таңбалар жайлы мәліметтер беріп, әліпбидегі соңғы жаңалықтармен бөлісті. Дәріс барысында әр таңбаға түсінік беріліп, таңбалардың ерекшелігіне тоқталды.