«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
«Қазақ тілін оқыту мәселелері және жаңаша көзқарас» қалалық іс-тәжірибелік семинары өтті

Семинар мақсаты: Қазіргі білім беру процесіндегі жаңа әдістер мен инновациялық технологиялар туралы ақпарат және тәжірибе алмасу. Сонымен қатар отандық білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, орта білім беру процесіндегі жаңа технологиялардың маңыздылығын көрсету, саралау. Семинарға «Арқалық қаласының білім бөлімі» ММ әдіскері, Көкішева Жұлдызай Мұратәліқызы, орталық директоры мен оқытушылары және ауыл, қала мектептерінің мұғалімдері қатысты. Семинарда «Заманға сай сандық технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолдану» тақырыбымен Қанаш Айзере Дәуленқызы Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясының мұғалімі, «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды білім сапасын арттыру құралы ретінде пайдалану» тақырыбында Түгел Айдана Мейрамқызы А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі және «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолданылатын оқытудың тиімді әдіс-тәсіл түрлері» тақырыбымен Т.Әубәкіров атындағы негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұқашова Гүлбақыт Мирасбекқызы өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сағаттарын өткізді. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
20.09.2024 ж.