Б.Майлиннің 130 ж. мерейтойы шеңберінде үш тілді меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» қалалық байқауы өтті. Аталған шараға қала оқу орындарының 21-35 жас аралығындағы әртүрлі сала мамандары бақтарын сынап, тілді меңгеру деңгейлерін сынға салды. Байқауға өтінім білдірген қатысушылар ішінен оза шапқан Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нурханова Жумагуль Ериковна І орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. ІІ орынды №2 ЖББО мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сиразиева Алина Рашидовна иеленсе, жүлделі ІІІ орынды А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Васецкая Любовь Евгеньевна иемденді. Ал ынталандыру сыйлығы Арқалық Политехникалық колледжінің оқытушысы Руденко Алексей Владимировичке бұйырды. Сондай-ақ Ш.Уәлиханов атындағы Барлық қатысушылар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, №2 ЖББО мектебінің ағылшын тілі маманы Мукатова Айнура Сериковна алғысхатпен марапатталды. Байқауымыздың қазылары «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КеАҚ Педагогика және филология факультетінің аға оқытушысы, магистр Нұрсали Қуаныш Сабыржанұлы және аталған факультеттің ағылшын тілінің оқытушысы Калимжанова Аида Кайратовнаға да орталық алғысхаты мен естелік сыйлықтар табысталды.
Арқалықта «Тіл шебері» байқауы өтті