«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
Тілдер оқыту орталығы «Наурыз-Думан» мерекесін тойлады

Ұлыстың Ұлы күніне арналған "Наурыз-Думан" мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шараға мәдениет бөлімінің басшысы А.Жұмабаева, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Аубакиров, аналар кеңесінің төрағасы Б.Қалтаева, т.б. құрметті қонақтарымызбен орталық тыңдаушылары қатысты.

Ұлыстың ұлы күні мерекесінде, ән айтылып, күй тартылып әннен шашу шашылды. Орталық тыңдаушылары қазақы салт-дәстүрлерді жаңғыртып көрністер қойды. Құрметті қонақтарға наурыз көже ұсынылылды, дастарханнан дәм татылды. Күн мен түннің теңелетін күні осылайша жоғары деңгейде аталып өтті. Меймандарға ескерткіш сыйлықтар табысталып, кеш соңы қраиялардың ақ батасымен тәмам болды. Ұлыстың ұлы күні наурыз құтты болсын!