5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай Арқалық Политехникалық колледжінің студенттерімен «Тіл – халықтың қазынасы» атты кездесу өтті. Кездесу барысында мерекеге орай қызықты ойындар, танымдық ақпараттар берілді. Іс-шара соңында №1 жатақхана меңгерушісі Г.Қоқашова сөз сөйлеп, орталық әдіскері Ж.Смагулованы колледж директорының алғысхатымен марапаттады.
Тілдер күні аталып өтілді