«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
Жалпы қазақстандық диктант

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өңірлік әкімдіктермен бірлесе Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы аясында қазақтың біртуар перзенті Т.Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өткізуді ұсынды. Диктанттың мақсаты – Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту. Міндеттері - диктантқа қатысушыларға мемлекеттік тілде сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру, сауатты жазудың маңыздылығына назар аударту, тарихи тұлғаларды насихаттау арқылы саналы қоғам қалыптастыруға ықпал ету. Аталған шараға Арқалық қаласы бойынша кітапхана қызметкерлері, институт, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.