«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
22 сәуір күні 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған өзге ұлт өкілдері арасында

22 сәуір күні 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған өзге ұлт өкілдері арасында «Бір шаңырақ астында» атты сайыс өтті. Мақсаты- өзге ұлт өкілдерінің бойына  ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.Сайыс  төрт кезеңнен тұрды.

  1. Таныстыру (Өз ұлтын)
    2. Өз өнерін көрсету (Өз ұлтының)
    3. Әр ұлттың тағамдары (Өз ұлтының тағамы)
    4. Сұрақ-жауап (Қазақ тілінде)

Аталған іс-шараға қала мектептері мен оқу орындарының қызметкерлері қатысты. Сайысқа өтінім білдірген қатысушылар ішінен оза шауып көзге түскен Арқалық политехникалық колледжінің қызметкері Руденко Алексей Владимирович  І орынды жеңіп алды. ІІ орынды Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің қызметкері  Рябчинская Мария Александровна иеленсе, ІІІ орынды Арқалық қаласы білім бөлімінің А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының қызметкері Васецкая Любовь Евгеньевна бөлісті. Барлық қатысушыларымыз диплом мен алғысхат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

          Байқауымыздың қазылары-«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық мәдениет    сарайы»КММ  көркемдік жетекшісі-Мусабекова Миргуль Бектепбергенқызы мен «Арқалық қаласындағы № 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы»КММ балаларға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі-Есмағанбетова Сандуғаш Қазбекқызына да орталық атынан естелік сыйлық табысталды.