Үш тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасындағы
«Тіл шебері» қалалық байқауы өтті
Қалалық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен 20 маусым күні үш тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында М. Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орай «Тіл шебері» қалалық байқауы өтті.
Аталған шарада мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілмен қоса орыс, ағылшын тілдерін меңгеру деңгейлерін сынға салды. «Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» КМҚК қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Абжанов Азамат Жарылгапович бастаған қазылар алқасының шешімімен 3 кезеңнен сүрінбей оза шапқан «Арқалық қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ қызметкері Әбдімәлік Бекзат Азаматұлы І орынға ие болды. Жүлделі 2 орынды «ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК қызметкері Фазылжан Абай Қадырұлы қанжығасына байласа, жүлделі 3 орынды «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметкері Ануарбек Гүлсім Жұмақанқызы иеленді, сондай-ақ, «Арқалық қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ қызметкері Махмутова Гульнара Сайлауовна мен «Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ қызметкері Мирамов Алишер Мирамұлы да орталық атынан Алғысхатқа ие болды. Барлық қатысушылар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.