«Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ
0
«Мемлекеттік тіл-Мемлекеттік қызметте» байқауының қалалық кезеңі өтті

М.Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына және 23 маусым мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» қалалық байқауы өтті. Аталған шараға қатысушы үміткерлер төрт кезең бойынша сынға түсті. Алғашқы «Тұсаукесер» кезеңінде сайыскерлер өздерін және сайысқа қатысудағы мақсаттарымен таныстырса, «Жер судың аты - тарихтың хаты» атты екінші кезеңде экранда ұсынылған суреттер бойынша елімізде танымал мекеннің, сәулет құрылысының және тарихи тұлғаның қысқаша сипаттамасын баяндап берді. Ал үшінші «Конституцияны білесіз бе?» кезеңінде үміткерлер Конституцияға қатысты сұрақтарға жауап берді. Соңғы төртінші «Қазақшаңыз қалай?» шығармашылық кезеңінде мемлекеттік қызметкерлер өзекті тақырыпқа өлең оқып, өз өнерлерін паш етті. Байқауға Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы басшысының орынбасары, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі – Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы, «Торғай медиа-А» ЖШС директоры – Ахметжанов Амангелді Серікұлы, және орталық директорының м.а. – Қожахметов Абзал Қуанышұлы төрелік етті.

Қазылар алқасының қорытындысы бойынша: І орынға – Байзакова Динара Курманбековна /Арқалық қаласы бойынша «Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ бас маманы/, ІІ орынға – Әмір Айдана Қайратқызы / Арқалық қаласы Төтенше жағдай бөлімі №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы, азаматтық қорғау сержанты/; ІІІ орынға – Усембаев Сандыбай Марденович /«Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету секторының бас маманы/ ие болса, ынталандыру сыйлығымен Әбдімәлік Бекзат Азаматұлы /«Арқалық қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы/ марапатталды. Сондай-ақ, Ақылбекова Аруна Кәрімжанқызы /«Арқалық қаласы Ашутасты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы/, Мейранбай Әсел Мешітбайқызы /«Арқалық қаласының Әбдіғаппар хан ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маманы/, Бакшеева Снежана Ивановнаға /«Арқалық қаласының Восточное әкімінің аппараты» ММ бас маманы/ байқауға қатысқандары үшін алғысхаттар және естелік сыйлықтар табысталды.