Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстарын жандандыру мақсатында «Жетілдірілген әліпби жаңалықтары» тақырыбында Арқалық қаласы әкімдігіне қарасты мекемелердің мемлекеттік қызметшілері арасында ZOOM платформасында онлайн ақпарат берілді. Орталықтың әдіскер-оқытушысы Ж.Смагулова жетілдірілген әліпбидегі соңғы жаңалықтарымен бөлісті және тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетті. Мемлекеттік қызметшілер әліпбиге қатысты сұрақтарын қойып, нақты мысалдарға құрылған жауаптарын алды. Сонымен қатар онлайн ақпарат беру барысында жетілдірілген әліпбиге қатысты блиц сұрақтарға жауап берді.
{gallery}-10{/gallery}